1-бағыт. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру (1-15 қадам).Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы және лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс.3+3 формуласы бойынша мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін сынақ мерзімі (үш ай және алты айдан кейін сәйкестілікті межелік бақылау).Мемлекеттік қызметкерлердіӊ жалақысын қызметініӊ нәтижесіне байланысты өсіру.Еңбекақыны нәтиже бойынша төлеуге көшу: мемлекеттік қызметкерлер үшін - жеке жылдық жоспарларды орындау; мемлекеттік органдар үшін - стратегиялық жоспарларды орындау; министрлер және әкімдер үшін - мемлекеттік қызмет сапасыныӊ арнаулы индикаторлары, өмір сапасы, инвестиция тарту; үкімет мүшелері үшін - интегралдық макроэкономикалық индикаторлар.Мемлекеттік қызметкерлердің 3 жыл сайын кәсіби шеберлігін арттыру.Мемлекеттік қызметкерлерді мансаптық жоғарылату үшін конкурстық негізге көшу. «Б» корпусыныӊ жоғары лауазымдарына жылжыту конкурстық негізде жылжыту есебінен меритократия қағидатын нығайту.Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту. Барлық мемлекеттік органдарға (құқық қорғау органдарыныӊ барлық қызметкерлеріне де) қатысты мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылдау.Іс басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу, кәсіби талаптарды күшейту, еӊбекақы төлеудіӊ жаңа жүйесін енгізу.