7-бағыт: Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі. Біз қоғамдық келісімді сақтауға, нығайтуға тиіспіз. Өз бойымызда, балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. 2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез келген азаматы болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек. Біздің балаларымыз, немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуі тиіс.
Жаңа қазақстандық патриотизм – бұл, біздің еліміздегі барлық этностар құқықтарының теңдігі. Ұлтаралық қатынастар мәселесінде ешқандай қосарланған стандарттар болмауға тиіс. Бізде оқуға түсуде, жұмысқа тұруда және қызмет бабы бойынша өсуде, әсіресе жергілікті билік органдарына жұмысқа алуда ұлтына қарамастан, үздіктер алынуы керек. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті, бейбітшілік, келісімде өмір сүруіміз керек.
Патриотизм туралы айтқанда тіл туралы саясатта айтылды. Қазақ тілі және үштілділік. 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне толық көшуіміз керек. 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95%-ы қазақ тілін білуге тиіс. Тәуелсіздігін алған тұста қазақтың саны 6,8 миллион (41%) болса, қазір 11 миллионға жетіп, 65 %-дан асты. Тіл мәселесіне бей-жай қарамайық. Қазақ тілі шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілуі тиіс, Орыс тілін білу – біздің ұлтымыздың артықшылығы.
ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін. Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзхәбын ұстанатын сунниттерміз. «Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысады... Біз бұған жол бермеуіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |