Реформа мынадай 5 бағытта жүргізілмекші: 1) мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау (1-15 қадам); 2) сот жүйесін жетілдіру (16-34 қадам); 3) экономикалық көшбасшы беріктігін қамтамасыз ету (35-84 қадам); 4) біртектілік (85-90 қадам); 5) мемлекеттік аппараттың қызметін мейлінше ашық ету (91-100 қадам). Бес реформаның әрқайсысы бойынша нақты қадамнан бекітіледі, осылайша «100 қадам»айқындалып, ол тұтастай Ұлт жоспарын құрайды. «100 қадамның» орындалуына биліктің үш тармағы теңдей жауапты болса, президент ондағы әрбір істі тікелей өз бақылауында ұстайтын болады.