1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет5/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   163
Байланысты:
Саясаттану 2018 (1)

Білім, ақпарат, тәжірибе қашанда биліктің көзі болған. Биліктің көзі ретінде білім, тәжірибенің маңызы түрлі ақпаратты біліп, көптеген шеберліктер мен дағдыларды білуді қажет ететін қазіргі дамыған өркениеттер жағдайында бұрынғыдан да арта түсуде. Қазіргі күрделі заманда адамның басқа адамдарды өзіне бағындыруы оның ақыл-ой қабілетімен байланысты. Ақыл-ойдың, білімнің билігі дөрекі күштеуге қарағанда көп жағдайда тиімді болып жатады. Тіпті қылмыскерлер арасында басшының беделі оның дене күшімен емес, жазаланбайтын қылмысты ойлап, жоспарлай білуімен анықталады. Соңғы жылдары ақпаратты және оны тарату каналдарын иелену биліктің көзіне айналуда. БАҚ-н «төртінші билік» деп те атайды.

Адамның қоғамдағы алатын орны ежелгі заманнан бері биліктің маңызды көзі болып келеді. Дәстүрлі қоғамдарда (ежелгі заман, орта ғасырларда) артықшылық жағдайдағы сословиенің өкілі болу билікке қол жеткізудің негізгі, міндетті шарты болатын. Қазіргі заманда да адамның қоғамдағы белгілі бір жағдайы, әлеуметтік статусы биліктің маңызды көзі б/ т.

Ұйым да биліктің күшті көзі болып табылады. Ол бұрыннан бері адамдарды және материалдық ресурстарды жұмылдырып, билік қабылдаған шешімдерді жүзеге асырып келеді. Іс жүзінде адамның атқаратын жоғары қызметі биліктің көзі ретіндегі ұйымның бір элементі б/ т.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет