3. Билік қорлары және оның түрлері (ресурстары). Биліктің қорлары (ресурстары) – оның маңызды құрылымдық элементі б/т. Биліктің ресурстары деп билікті және оның негіздерін (субъектінің биліктік еркі негізделенетін биліктің базасы, көздері) нығайту үшін қолдылатын (немесе қолданылуы мүмкін) құралдарды айтады. Билік рес-ның мынадай түрлері бар: экономикалық, әлеуметтік, саяси-құқықтық, күштеу-мәжбүрлеу, ақпараттық, демографиялық т.б.
Экономикалық ресурстарға биліктің іргетасын құрайтын материалдық ресурстар мен құндылықтар жатады. Бұл қоғамның дамыған материалдық және техникалық базасының болуы, елдің тиімді географиялық орналасуы, құнарлы жерлер, табиғи байлықтар, өндірістің дамыған технологиялық негізі, білікті жұмыс күші, кең сыртқы экономикалық байланыстар т.б.