1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Ең алғаш саясат



бет31/68
Дата15.04.2023
өлшемі128 Kb.
#83180
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68
Байланысты:
1. Ñàÿñè ?ûëûìíû? ïàéäà áîëóû æ?íå ?àëûïòàñóû. Å? àë?àø ñàÿñàò 2

Көшбасшыға тән қасиеттер:
• Жауапкершілікке және бастаған ісін аяқтауға күшті ұмтылысы;
• Мақсатына жету жолындағы күш қайраты;
• Бастамашылдығы;
• Өзіне-өзінің сенімділігі;
• Айналасындағылардың мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал ету қабілеті;
• Іс-әрекетінің және шешімдерінің салдарын «өзіне» қабылдау қабілеті;
• Топтық фрустрацияға және ыдырауына қарсы тұра алатын қабілеті.
18. Саяси жүйе туралы ұғым.
"Жүйе" ұғымын XX ғасырдың 20 жылдары ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс биологы Л. Фон Борталанфи (1901—1972). Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды. Ғалым жүйеге өзара байланыста болатын элементтердің біртұтас жиынтығы ретінде қарады. Жүйенің бір элементі өзгеріске ұшыраса, барлық тұтастық өзгереді. Жүйе сыртқы дабылдарға және өзінің ішкі элементтерінің талаптарына жауап қайтару арқасында дамиды.
Кейін жүйелік тәсіл қоғамдық ғылымдарда пайдаланыла бастады. Социологияда коғамды жүйелік түрде талдаған —Т. Парсонс. Ол қоғамды өзара байланыста болатын 4 жүйешіктен (экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани) тұрады деді. Жүйешіктін әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады, іштен және сырттан түсетін талаптарға құлақ асып, жауап қайтарады. Олар қосылып жалпы коғамның өмір сүруін қамтамасыз етеді.

Саяси жүйе теориясының пайда болғанына көп уакыт болған жоқ. ОныXX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен «кіріс», «шығыс» принциптері арқылы байланысады.


"Кірістің" 2 түрі бар: талап және қолдау. Талапты халықтың билік органдарына қоғамдағы құндылықтардың, қазына мен қаржының, қоғамдық қордың әділетті, дұрыс немесе әділетсіз, бұрыс бөлінуі туралы пікірі, билік органдарына үндеуі деуге болады. Ол қоғамда белгілі бір қажеттіліктің, мұқтаждықтың бар екендігін білдіреді және әр түрлі болады. Мысалы, еңбекақыны көтеру, жұмыс күнін кысқарту, әлеуметтік салаға қаржыны көбейту, білім алу мүмкіндігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғау және т.б. Мұндай талаптар көбейіп, оларға билік органдары назар аудармаса, саяси жүйе әлсірейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет