Д. Истон, Г. Митчел, Г. Спиро, Г. Алмонд саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктерін көрсетті: 1. Топтар мен жеке адамдардың іс-әрекетін басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі;
2. Өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі;
3. Қорларды, иліліктерді, қызметті, үздік белгілерді бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі;
4. Әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік, өзгерген жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі.
Қорыта келе саяси жүйе үстемдік етіп отырған қоғамды басқаратын аппарат болып саналады.
Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.
Саяси жүйе келесі функцияларды орындайды: конверсия, яғни әлеуметтік талаптарды саяси шешімдерге айналдыру;
саяси мақсаттарға жету үшін адам және материалдық ресурстарды (қаражаттарды, сайлаушыларды және т.б.) жұмылдыру.
қорғау функциясы – қоғамдық-саяси жүйені, оның бастапқы негізгі құндылықтары мен принциптерін қорғау;
сыртқы саясат – басқа мемлекеттермен өзара тиімді қатынастар орнату және дамыту;
консолидациялау – әртүрлі әлеуметтік топтардың ұжымдық мүдделері мен талаптарын үйлестіру;
бөлу – материалдық және рухани құндылықтарды жасау және тарату;
19. Саяси жүйенің құрылымы. Саяси жүйенің құрылымы оның қандай элементтерден тұратынын, олардың өзара байланысын білдіреді. Саяси жүйенің келесі құрамдас бөліктері бөлінеді:
• ұйымдық (институционалдық) құрамдас – қоғамның саяси ұйымы, оның ішінде мемлекет, саяси партиялар мен қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек ұжымдары, қысым көрсету топтары, кәсіподақтар, шіркеу, бұқаралық ақпарат құралдары;
• мәдени компонент – саяси биліктің және саяси жүйенің психологиялық-идеологиялық аспектілерін сипаттайтын саяси сана (саяси мәдениет, саяси идеялар/идеологиялар);
• нормативтік құрамдас – қоғамның саяси өмірін және саяси билікті жүзеге асыру процесін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, моральдық нормаларды реттейтін әлеуметтік-саяси және құқықтық нормалар;
• коммуникативті компонент – саяси билікке қатысты жүйенің элементтері арасында, сондай-ақ саяси жүйе мен қоғам арасында дамитын ақпараттық байланыстар мен саяси қатынастар;
Құрылым - жүйенің ең маңызды қасиеті болып табылады, өйткені ол ұйымдастыру тәсілі мен оның элементтерінің ара қатынасын көрсетеді.
Қоғамның саяси жүйесі дегеніміз – бұл күрделі, әртүрлі саяси институттар құрылымдарының жиынтығы, әлеуметтік-саяси қауымдастықтар, өзара қатынастарымен қимылдарының формалары арқылы саяси билік жүзеге асады.
Саяси жүйенің құрылымы (жүйешелері):
• институциональдық жүйеше
• нормативтік жүйеше
• функциональдық жүйеше
• коммуникативтік жүйеше
• мәдени жүйеше
• идеологиялық
Қоғамның саяси жүйесінің институциональдық жүйешесі – бұл институттар жиынтығы (мекемелер, ұйымдар) саяси биліктің қызметімен байланысты. Оған кіретіндер:
• мемлекет (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары)
• саяси инфрақұрылым (саяси партиялар, қоғамдық-саяси ұйымдармен қозғалыстар, лоббистік топтар)
• бұқаралық информациялық құралдар (көгілдір экран, радио, баспасөз)
• діни мекемелер
Қоғамның саяси жүйесінің нормативтік жүйешесі – бұл қоғамның саяси өмірін анықтайтын және реттейтін саяси нормалар, адамгершілік принциптер және дәстүрлер. Бұған жататындар:
• заңдылық нормалар (конституция, заңдар, нормативтік актілер)
• қоғамдық ұйымдар қызметінің нормалары
• жазылмаған салт және дәстүрлер
• этикалық - моральдық принциптер және нормалар
Қоғамның саяси жүйесінің функционалдық жүйешесі – билікті (саяси режим) жүргізудегі әдістерімен түрлері, әртүрлі саяси процесстерде, саяси қызметтерінің бағыттары және формаларының көрінісі.
Қоғамның саяси жүйесінің коммуникативтік жүйешесі – саяси жүйенің ішкі өзара қызметінің жан-жақты формаларын қамтиды, мысалы, партиялар мен мемлекет арасы, сонымен қатар саяси және экономикалық жүйешіктер арасын, және басқа бір елдердің саяси жүйесінің арасын қамтиды.
Қоғамның саяси жүйесінің мәдени жүйешесі – бұл саяси жүйенің сол қоғамға үйлесімді қалыптасқан образдарының (стереотиптерінің) саяси ағымдарының тұтастай типі, интеграциялық факторы, құндылық бағыттары және саяси тәртібі.
Қоғамның саяси жүйесінің идеологиялық жүйешесі – бұл қоғамның саяси өміріне қатысқан мазмұны жағынан әртүрлі саяси идеялар, көзқарас-тар, сезімдер, ағымдар жиынтығы.