1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Ең алғаш саясат



бет34/68
Дата15.04.2023
өлшемі128 Kb.
#83180
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68
Байланысты:
1. Ñàÿñè ?ûëûìíû? ïàéäà áîëóû æ?íå ?àëûïòàñóû. Å? àë?àø ñàÿñàò 2

Саяси жүйенің функциясы:
• қоғам дамуының жолдарын, міндеттерін, мақсаттарын анықтау
• қабылданған бағдарламамен мақсаттарды жүзеге асыруда қоғам қызметін ұйымдастыру
• материалдық және рухани құндылықтарды бөлу
• мемлекетпен әлеуметтік қауымдастар арасындағы әртүрлі мүдделерді келістіру
• қоғамдағы адамдармен топтар тәртібіне ережелер мен заңдар жасау
• саяси құрылыстың ішкі және сыртқы қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету
• қоғам мүшелерін саяси қызметке тартуда саяси саланы қалыптастыру
• саяси нормаларды сақтауда, әрекеттерді болдырмауда заңдармен ережелер орындалуын бақылау.
20. Саяси жүйенің жіктелуі.
Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.
Саяси жүйе келесі функцияларды орындайды:
1. конверсия, яғни әлеуметтік талаптарды саяси шешімдерге айналдыру;
2. бейімделу, яғни саяси жүйенің қоғамдық өмірдің өзгермелі жағдайларына бейімделуі;
3. саяси мақсаттарға жету үшін адам және материалдық ресурстарды (қаражаттарды, сайлаушыларды және т.б.) жұмылдыру.
4. қорғау функциясы – қоғамдық-саяси жүйені, оның бастапқы негізгі құндылықтары мен принциптерін қорғау;
5. сыртқы саясат – басқа мемлекеттермен өзара тиімді қатынастар орнату және дамыту;
6. консолидациялау – әртүрлі әлеуметтік топтардың ұжымдық мүдделері мен талаптарын үйлестіру;
7. бөлу – материалдық және рухани құндылықтарды жасау және тарату;
Саяси жүйенің құрылымы оның қандай элементтерден тұратынын, олардың өзара байланысын білдіреді. Саяси жүйенің келесі құрамдас бөліктері бөлінеді:
• ұйымдық (институционалдық) құрамдас – қоғамның саяси ұйымы, оның ішінде мемлекет, саяси партиялар мен қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек ұжымдары, қысым көрсету топтары, кәсіподақтар, шіркеу, бұқаралық ақпарат құралдары;
• мәдени компонент – саяси биліктің және саяси жүйенің психологиялық-идеологиялық аспектілерін сипаттайтын саяси сана (саяси мәдениет, саяси идеялар/идеологиялар);
• нормативтік құрамдас – қоғамның саяси өмірін және саяси билікті жүзеге асыру процесін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, моральдық нормаларды реттейтін әлеуметтік-саяси және құқықтық нормалар;
• коммуникативті компонент – саяси билікке қатысты жүйенің элементтері арасында, сондай-ақ саяси жүйе мен қоғам арасында дамитын ақпараттық байланыстар мен саяси қатынастар;
Құрылым - жүйенің ең маңызды қасиеті болып табылады, өйткені ол ұйымдастыру тәсілі мен оның элементтерінің ара қатынасын көрсетеді.
Саяси жүйенің жіктелуі:
Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп бөлінуі.
• Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады.
• Авторитарлық Біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер.
• Демоктария – халық билігі

Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі:


1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияққұты құндылықтарды басшылыққа алады;
2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең белуге бағдар ұстайды;
3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді;
4) Дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады;
5) авторитарлы-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.
Г.Алмонд саяси мәдениет деңгейі мен құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені:
• ағылшын-американдық,
• құрылықтық-еуропалық,
• жарым-жартылай индустрияланған,
• тоталитарлық деп жіктейді.
Саяси жүйенің ағылшын-американдық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады.
Құрлықтық-еуропалық саяси жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді.
Жарым-жартылай индустрияланған саяси жүйеге аралас мәдениет тән.
Тоталитарлық саяси жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет