|
Демократиялық қоғам белгілері
|
бет | 44/68 | Дата | 15.04.2023 | өлшемі | 128 Kb. | | #83180 |
| Байланысты: 1. Ñàÿñè ?ûëûìíû? ïàéäà áîëóû æ?íå ?àëûïòàñóû. Å? àë?àø ñàÿñàò 2Демократиялық қоғам белгілері:
Демократиялық қоғамның белгілерін экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге болады.
Экономика саласында
Еңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы;
Меншік түрлерінің әркелкілігі;
Ауқымды өндіріс демократиясы қажет;
Кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қорғауы;
Еңбекке қарай бөлу принципінің болуы;
Мүгедектермен,табысы төмен топтарға қамқорлық жасау;
Саяси салада
Саяси пікірдің әр алуандығы;
Көппартиялылықтың болуы;
Демократиялық сайлау жүйесінің болуы;
Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы;
Оларды іс жүзінде қолдану;
Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы;
Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы;
Оппозицияның болуы;
Рухани салада
Заң жүзіндегі сөз, ұждан, шығармашылық бостандықтар жүйесінің болуы;
Өнердің, мәдениеттің барлық түрлерінің дамуы;
Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы;
Оқу-ағарту мекемелер жүйесінің болуы;
Мәдениет пен шығармашылықтың барлық саласының дамуы, оған еркін қол жеткізу;
Зұлымдық, қаталдық, нәсілшілдік насихатының шектелу;
Әлеуметтік салада
Әлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы;
Жеке адамның әлеуметтік қорғалуы;
Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен қорғалуы;
Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы;
Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы;
Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|