1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Ең алғаш саясат


Демократиялық қоғам белгілері



бет44/68
Дата15.04.2023
өлшемі128 Kb.
#83180
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68
Демократиялық қоғам белгілері:
Демократиялық қоғамның белгілерін экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге болады.
Экономика саласында

  1. Еңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы;

  2. Меншік түрлерінің әркелкілігі;

  3. Ауқымды өндіріс демократиясы қажет;

  4. Кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қорғауы;

  5. Еңбекке қарай бөлу принципінің болуы;

  6. Мүгедектермен,табысы төмен топтарға қамқорлық жасау;

Саяси салада

  1. Саяси пікірдің әр алуандығы;

  2. Көппартиялылықтың болуы;

  3. Демократиялық сайлау жүйесінің болуы;

  4. Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы;

  5. Оларды іс жүзінде қолдану;

  6. Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы;

  7. Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы;

  8. Оппозицияның болуы;

Рухани салада

  1. Заң жүзіндегі сөз, ұждан, шығармашылық бостандықтар жүйесінің болуы;

  2. Өнердің, мәдениеттің барлық түрлерінің дамуы;

  3. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы;

  4. Оқу-ағарту мекемелер жүйесінің болуы;

  5. Мәдениет пен шығармашылықтың барлық саласының дамуы, оған еркін қол жеткізу;

  6. Зұлымдық, қаталдық, нәсілшілдік насихатының шектелу;

Әлеуметтік салада

  1. Әлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы;

  2. Жеке адамның әлеуметтік қорғалуы;

  3. Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен қорғалуы;

  4. Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы;

  5. Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы;

  6. Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет