Іс-әрекеттің болып өткен жолын, орнын білдіреді: Ол йолын йқазақар, унч-тідім (Т).-Ол жолмен жүрсе, мүмкін дедім.
Іс-қимылдың болған, болатын мекенін білдіреді: Алтун йысығ йолсузын астым, Ертіс үгүзүг кечігсізін кечдіміз (Т) - Алтын жерін жолсызбен астым, Ертіс өзенін кешпес ізбен кештім. Қыш нан біле тоқұшті, қыңыр көзүн бақышты – Қыз жазбенен жанаста, қыңыр көзбен қарасты [3;202].
Біргелік, ортақтастықты білдіреді: Күл тегін аз ерін іртүрү ытымыз - Күл тегінді аз кісімен ілгері жібердік.
Істің істелу тәсілін білдіреді: Қалтачы біз өз ічі тасын тұтмыс тег біз - Біз өз ішімізді сыртымызбен ғана ұстап қаламыз.
Көмектес септіктің бұл тұлғасы сөз өзгертуші, сөз байланыстырушы қосымша есебінде ХІ ғасырдан кейін-ақ өз мәнін жоғалта бастаса керек. ХІ-ХІІ ғасырда Шығыс Түркістанда жазылған ескерткіштер тілін зерттеген А.М.Щербак бұл тұлғаның сөз өзгертуші функциясын жоғалта бастағанын, бірен-саран үстеулер құрамында ғана кездесетінін айтады. Ал кейінгі дәуірге жататын Күлтегін жырында, Алтын Орда ескерткіштерінде бұл тұлға жеке сөздер құрамында сақталған "өлі" қосымша есебінде ғана ұшырасады. Ал Қашқари сөздігінде екі вариант та бірле, біле түрінде жазылған: Ікі бег бірле ел болдв – Екі бек бір-бірімен ел болды [3;77], Ол менің бірле оқ атышған ол – Ол менімен бірге оқ атысып қалған ол[3;188].
Достарыңызбен бөлісу: |