Іс-әрекеттің, заттың орын-мекенін білдіреді: Уда ташла қалмысы құбранып, йеті йүз болты - Ағаш таста қалғандары жиналып жеті жүз болды) (Т).
Іс-қимылдың, әрекеттің уақыт, мезгілін білдіреді: Күл тегін ол сүңүшде отуз йашайур ерті - Ол соғыста Күл тегін отыз жасар еді (КТ).
Орхон-Енисей жазбаларында жатыс септік тұлғасы шығыс мәнінде де қолданылған. Шығыс септік қызметіндегі жатыс септік тұлғасы іс-қимылдың шығар көзін, мекенін білдіреді: Қырғызда йантымыз. Түргес қағанта көрүг келті.- Қырғыздан қайттық. Түркеш қағаннан жансыз келді.
Жатыс септіктің шығыс септігінде қолданылу фактісі кейінгі Алтын Орда ескерткіштерінде де байқалады. Қазіргі қазақ тілінде жатыс септік тұлғасының мекендік мағынада шығыс қызметінде қолданылуы да жиі емес. Дегенмен, кейде жатыс пен шығыстың осындай мәнде семантикалық жіксіз қолданылуы сирек болса да ұшырасатын тәрізді: жолда тауып алды, жолдан тауып алды.
Достарыңызбен бөлісу: |