Іс-әрекеттің пассив субъектісін білдіреді: бурун айтыллы пайғамбардан (КК).
Заттың, әрекеттің сараланған, салыстырмалы сынын да білдіреді: барчадан күчлу барчадан татлы (КК).
Қазіргі қазақ тілінде шығыс септік затттың тегін, негізін білдіру үшін де қолданылады:Тастан сарай салғызды, талдан тайрақ сүйретті. Бұл із әсіресе фольклорлық шығармаларда жиі кездеседі. Көне түркілік материалдар шығыс септіктің қазақ тіліндегі осы қолданысы кейін қалыптасқан мән, қызмет екенін дәлелдейді. Қазіргі қазақ тілінде шығыс септік жалғауы табыс орнында қолданылады. Көне түркілік ескерткіштер тілінде нақ осындай фактілер бар: Судан кечүрді (МҚ)-Суды кешкізді. Отдан кечіріп сынады (КК) – Отты кешіріп сынады. Сондай-ақ шығыс септік жалғауының жатыс септікпен мәндес жұмсалуы да әрдайым ұшырасып отырады. Бұл мәндестік, сірә, осы екі жалғаудың генезис бірлігіне байланысты болса керек. Қазіргі тілімізде де кейде жатыс пен шығыс жалғауларының арасында айқын семантикалық жік байқала бермейтіні бар. Соның өзінде формалық ұяластықтың салдары болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |