1-ші деңгей Сойыс малдарының жалпы сипаттамасы, оларды дайындау және оларға қойылатын қазіргі заман талаптарын түсіндіріңіз


Сойыс малдарын айдау тәсілдерін түсіндіріңіз



бет4/58
Дата22.09.2022
өлшемі127,79 Kb.
#39852
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
11.Сойыс малдарын айдау тәсілдерін түсіндіріңіз.
Тасымалдау кезінде мал қоңдылығын төмендетпеу, тасымалдау әсерінен болатын аурулардың алдын алу, малдың жарақаттанбауын қадағалау, тасымалдауға жұқпалы ауруы бар малды жібермеу мал дәрігерінің, шаруашылық қызметкерлерінің басты міңдеті. Малды, құсты ет комбинаттарына ауру-сырқаусыз, шаршатпай жеткізу көптеген жағдайларға байла¬нысты. Оған малдың жалпы жағдайы, малды тасымалдауға алдын-аладайындау, тасымалдау көлігінің түрі, сапасы, малды көлікке тиеу және түсіру, тасу жылдамдығы, жол жағдайы, мал дәрігерлік-санитарлық ережелерді сақтау ж.б. жатады. Етке тапсырылатын мал жұқпалы аурудан таза шаруашылықтардан шығуы тиіс және дені сау болуы керек. Ол үшін сойыс малының дене қызуы өлшенеді, жалпы жағдайы тексеріледі және басқа да қажетті жұмыстар жүргізіледі. Жылқыны міндетті түрде маңқаға тексереді. Ол үшін клиникалық тексерумен қатар, етке тапсырардан 2-3 күн бұрын көзге маллеиндеу жүргізіледі. Екінші peт маллеин реакциясымен ет комбинатында сояр алдында тексереді. Ет комбинаттарына бруцеллез, туберкулез (ауруларының клиникалық белгілері болса), ауруы анықталмаған, дене қызуы әдеттегі қалыптан жоғары не төмен болған жағдайда және аусылға қарсы белсен-ділігі төмендетілген вирусты вакцинамен егілген малды 21 күнге дейін, ал топалаңға (жамандат, қараталақ, ақшелек) қарсы егілен (вакцина немесе сыворотка) малды 14 күн өткенше тапсыруға болмайды. Со-нымен қатар антибиотик егілген, пестицидтермен өнделген малды да, олардың арнаулы құжаттарында көрсетілген мерзімнен тыс етке тапсы¬руға рұқсат етілмейді. Ал балық немесе балық ұнымен азықтандырылған малды 30 (құсты 10) күннен кейін ғана етке тапсыруға болады.Етке тапсырылатын малға қажетті құжаттар дайындалады. Олар малдың сырға нөмірі көрсетілген тізбе, товар-көлік құжаты, N1 мал дәрігерлік куәлік (немесе аныктама). Ал мал бір тәуліктен артық айдала-тын немесе темір жолмен тасымалданатын болса, малды қай жолмен айдау, мал суғаратын, демалдыратын жерлер көрсетілген жол қағазы дайындалады. Автокөлікпен тасымалдау. Теміржолмен тасымалдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет