1-ші деңгей Сойыс малдарының жалпы сипаттамасы, оларды дайындау және оларға қойылатын қазіргі заман талаптарын түсіндіріңіз


Сойыс малды тасымалдау кезінде салмағы мен қоңын төмендетпеу шараларын түсіндіріңіз



бет7/58
Дата22.09.2022
өлшемі127,79 Kb.
#39852
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58
17.Сойыс малды тасымалдау кезінде салмағы мен қоңын төмендетпеу шараларын түсіндіріңіз.
Малды тасымалдау оның бордақылау кезіндегі қалыптасқан жағдайын өзгертеді. Сондықтан малды тасымалдауға дайындау шаруашылықтарда 10-13 күн (аз дегенде 2-3) бұрын жүргізілуі қажет. Тасымалдауға жататын мал онын жынысына, жасына, тірілей салмағына, кондылығына байланысты топтарға бөлінеді. Малды темір немесе су жолымен тасымалдайтын жағдайда, шаруашылық мал жолда болатын күнге азық қорын әзірлейді Бекітілген күндік нормаға сәйкес сиырдың әр 100 кг тірі массасына күніне 4,5 кг, ал койдың әр 100 кг 5,5 кг шөп қажет. Құсқа 8 кг құрама жем дайындалады. Мал тасымалдау жене оған дайындау кезінде күніне 2-3 рет азықтандырылып суғарылады. Тасымалдау кезінде малға көк шөп беруге болмайды. Ол тез бұзылып, малдың ішін өткізуі мүмкін. Еденге төсеуге сабан, ағаш ұнтағы, торф дайындалады. Етке тапсырылатын малға қажетті құжаттар дайындалады. Олар малдың сырға нөмірі көрсетілген тізбе, товар-көлік құжаты, №1 мал дәрігерлік анықтама. Ал мал бір тәуліктен артық айдалатын немесе темір жолмен тасымалданатын болса, малды кай жолмен айдау, мал суғаратын, демалдыратын жерлер көрсетілген жол кагазы дайындалады.Малды тиеумен - шаруашылық, тусірумен ет комбинаты айналысады, ал авто шаруашылық арнаулы мал тасымалдайтын автокөліктермен қамтамасыз етеді. Малдың тірілей массасын жоғалтпай, жарақат және өлім-жітімге ұшыратпау үшін тасымалдау 24сагаттан артпаганы жөн.
18.Сойыс малдарын тасымалдауға байланысты пайда болатын ауруларды түсіндіріңіз.
Тасымалдаудың малға әсері. Малды көлікпен тасымалдау оның қалыптасқан жағдайын өзгертеді. Сондықтан мал организмі әр түрлі өзгерістерге ұшырайды. Организмге сыртқы ортаның кері әсері малды тасымалдауға дайындау кезінен-ақ басталады. Малды көлікке арту, оның жүйкесін қоздырады. Көліктегі жайсыз қозғалыстар малдын орналасу тығыздығы, әдеттегіден тыс шу, дыбыс жүйкенің қозуы мен тынышсыздығын ұлғайтады, яғни оны стресс күйіне түсіреді. Сонымен қатар бұл жағдайға ауа райының (ыстық, суық), тиеу кезіндегі жарақаттар, аштық, шөлдеу де әсерін тигізбей қоймайды. Малды тасымалдау кезінде оның қан тамырларының соғуы, демалуы жиілейді, температурасы, кан кысымы жоғарылайды, еттің дірілдеуі байқалады және малдың нәжіс зәр шығаруы жиiлейдi. Мал организміндегі өзгерістер әсіресе темір жолмен ұзақ жерге тасымалданғанда күшті білінеді. Бұған вагондағы микроклиматтың өзгеруі, уақтылы суармау т.б. факторлар үлкен әсерін тигізеді. Тасымалдау ұзаққа созылған сайын вагондағы микробтардың саны, зиянды газдардың мөлшері артады. Мәселен, аммиак 5 есеге дейін (бастапқы қалыппен салыстырғанда), ал күкірті сутектің мөлшері 1 г/м3 дейін, ауадағы микроб саны екі есеге жуық артады екен. Ұзақ жолда болатын малдың ашығуы, физикалық әсер, ауыртпалықтар зат алмасуының бұзылуына әкеліп соғады. Сиыр қанында сілтілі фосфатазаның, креатиннің, зәр қышқылының, сүт қышқылының және майдың шамасы артады. Сонымен қатар тасымалдау кезінде минералды және электролитті су алмасуы да бұзылады. Мәселен, тайыншаларды тасымалдау кезінде олардың кілегей қабықтарының кеуіп қатты шөлдейтіні байқалады. Ферменттер белсенділігінің және зат алмасуының өзгерісі негізінен бұлшық ет пен бауырға түскен функционалдық ауыртпалық өседі. Бұл тасымалдау кезінде малдын болдыруын көрсетеді. Сонымен қатар тасымалдау салдарынан қанда қанттың мөлшері, ал қан плазмасында жалпы ақзаттыӊ, адренокортикотропты гормонның шамасы да артады. Организмде өтетiн осындай күрделі өзгерістер малдың тірілей салмағын кемітуiмен катар, еттiн сапасын да төмендетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет