1-ші деңгей Сойыс малдарының жалпы сипаттамасы, оларды дайындау және оларға қойылатын қазіргі заман талаптарын түсіндіріңіз


Сойыс малдарын тасымалдау кезінде стресстің алдын алу шараларын түсіндіріңіз



бет8/58
Дата22.09.2022
өлшемі127,79 Kb.
#39852
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58
Байланысты:
вет сан(1)

19.Сойыс малдарын тасымалдау кезінде стресстің алдын алу шараларын түсіндіріңіз.
Тасымалдау әсіресе шошқаға қатты әсерін тигізеді. Көптеген мемлекеттерде тасымалдау әсерінен шошқаның өлімге ұшырауы және еті сапасының нашарлауы да байқалады. Бұл құбылысты ғалымдар "миопатиялық әсер" немесе "стресс синдромы" деп атады. Шошқа еті жұмсақ, іркілдек, түсі солғын тартады. Тасымалдау стресінің алдын алу. Малды тасымалдауға стресстің әсерін кеміту үшін азықтандыру кестесіне сәйкес азықтандырады орталықтандырылған тасымал кағдайында, тасымалдау алдында малды аштық тәртібіне көшіреді (суару шектелмейді) малды көлікке тиеу арнайы дайындалған алаңда (шарбақтармен, басқышпен т.б. жабдықталған) жүргізіледі. Малды мал таситын арнаулы көліктермен тасымалдап, оны тиеу кезінде күш қолданбайды, асау малды ең соңынан тиейді; малды көліктің сыйымдылығына сәйкес артады, көлік жақсы келдетілетін, малға күн түспейтін, мал алыска тасымалданған жағдайда ол кеткілікті және құнарлы жем-шөппен қамтамасыз етілген болуы тиіс. Автокөлікпен гасымалдағанда оның жүрісінің бірқалыпты, белгіленген жылдамдықтан артпауы керек. Ауаның температурасы 20-25°-тан артық болса, түнде тасымалдау кезінде кәне тасымалдаудан кейін малды тыныштандыру үшін стресске карсы дәрілер береді. Ол үшін аминазин, ромнун, элеутерококк т.б. организмнің тасымалдау әсеріне төзімді ететін препараттарды қолдануға болады.
Тасымалдау стресінің алдын алу үшін фармакологиялық заттарды қолдану. Мал стресінің алдын алу, онын тірілей салмағын кемітпеу және тасымалдау әсерінен болатын ет сапасын төмендетпеу үшін әр түрлі транквилизаторларды қолданады. Бұл заттар малдын жоғарғы жүйке жүйесіне, мидың биоэлектрикалық белсенділігіне, сезіміне әсер етеді. Мұндай препараттарды қолданғаннан кейін малдың сыртқы тітіркендіргіштерге, төңіректің өзгерістеріне реакциясы гемендейді, оны тамыр соғуының, қан қысымының, қандағы қант мөлшерінің кәне тыныс алу жиілігінің қалыптағы жағдайдан көп өзгермеуінен байқауға болады. Транквилизатор күйзелу тәріздес сезімдерін әлсіретеді.
20.Сойыс малдарын тасымалдаудаєы ветеринарлық мамандардың міндеттерін түсіндіріңіз.
Сойыс малдарын шаруашылықтардан ет өндіріс орындарына тасымалдау асакүрделі де жауапты шаруа. Тасымалдау кезінде мал қондылығын төмендетпеу, тасымалдау әсерінен болатын аурулардың алдын алу, малдың жарақаттанбауын қадағалау, тасымалдауға жұқпалы ауруы бар малды жiбермеу малдәрігерінің, шаруашылық қызметкерлерінің басты міндеті. Малды, құсты ет комбинаттарына ауру-сырқаусыз, шаршатпай жеткізу көптеген жағдайларға байланысты. Оған малдың жалпы жағдайы, малды тасымалдауға алдын-ала дайындау, тасымалдау көлігінің түрі, сапасы, малды көлікке тиеу және түсіру, тасу жылдамдығы, жол жағдайы, малдәрігерлік-санитариялық ережелерді сақтау ж.б. жатады. Сойыс малдарын ет өндіру орындарына темір жолмен, автокөлікпен, кейде су жолымен жеткізеді. Республикада тасымалдаудың ең дамыған түрі автокөлікті пайдалану. Сойыс малын тасымалдау мал дәрігерінің бақылауымен жүргізіледі.
Етке тапсырылатын мал жұқпалы аурудан таза шаруашылықтардан шығуы тиіс және дені сау болуы керек. Ол үшін сойыс малының дене қызуы өлшенеді, жалпы жағдайы тексеріледі және басқа да қажетті жұмыстар жүргізіледі. Жылқыны, түйені міндетті түрде маңқаға тексереді. Ол үшін клиникалық тексерумен қатар, етке тапсырардан 2-3 күн бұрын көзге маллеиндеу жүргізіледі. Екінші рет маллеин реакциясымен ет комбинатында сояр алдында тексереді. Сонымен қатар мал дәрігерлік жарғы бойынша (бруцеллезге, туберкулезге оң реакция беретін малды және басқа да зарарсыздандырудан кейін етiн тағамға пайдалануға болатын аурумен ауырған малды жеке топтармен етке өткізуге болады. Олар тек қана мал дәрігерлік басқармаларының рұқсатымен етке тапсыруға жіберіледі. Мұндай малды тасымалдау және оны өткізу, ет комбинаттарында қабылдау тәртібі анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет