1-ші деңгей Сойыс малдарының жалпы сипаттамасы, оларды дайындау және оларға қойылатын қазіргі заман талаптарын түсіндіріңіз


Сойыс малдарын тасымалдау кезінде құжаттарын рәсімдеуді түсіндіріңіз



бет6/58
Дата22.09.2022
өлшемі127,79 Kb.
#39852
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
вет сан(1)

15.Сойыс малдарын тасымалдау кезінде құжаттарын рәсімдеуді түсіндіріңіз. Малды (құсты) тасығанда, еске алатын жағдай, біріншіден жергілікті малды жұқпалы ауруға шалдырмау, екіншіден тасылатын малды жол бойы жұқпалы аурулардан сақтау және темір жол бойын, оның жұмыскерлерін ауру жұғудан сақтық жасау.Тасуға дені сау және жұқпалы ауру жоқ шаруашылықтың малдары ғана жіберіледі. Тасуға арналған малдың (құстың) әр топтарына оларды дайындаған шаруашылықтан әдейі арналған малдәрігерлік куәлік беріледі. Онда малдың басы (саны), жүретін бағыты, мал дайындаған жердің аурудан тазалығы және әдейі арнальп жасалған малдәрігерлік домдау (обработка) жұмыстары көрсетіледі. Бұл берілген құжат 3 тәулікке дейін күшін сақтайды. Бұдан басқа, малды темір жолымен және автокөлікпен, одан қала берді алысқа жайып айдағанда, жолдық журнал беріледі. Тауарлы- тасу құжаты - ең маңызды құжат, оны үш дана қылып жасайды, бір данасы шаруашылықта қалдырылады да, қалған екеуі мөрленген конверттің ішінде аға жолсерікке беріледі, оның біреуі ет комбинатына арналынады. Бұл құжатта ірі малдар тобы бір бөлек, ұсақ малдар тобы бір бөлек болып көрсетіледі (тірі салмағы, жынысы, қоңдылығы, жасы)


16.Сойыс малдарын тиеу және жол бойы күтімге қойылатын талаптарды түсіндіріңіз.
 Жануарларды тиеуге таза және дезинфекция жасалған автокөлік құралдары беріледі. Жануарларды тасымалдауға арналған автокөлік құралдарының жарамдылығын және санитарлық өңдеудің сапасын мемлекеттік ветеринарлық қадағалау органдары бақылайды.
Барлық жануарларды тиеу алдында және тиеу кезінде, олар өздеріне тиесілі шаруашылықтың (базаның, ұйымның) ветеринарлық дәрігері және мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың ветеринарлық инспекторы тексереді.
Жүк жөнелтуші түрі, жынысы және жасы бойынша біртекті жануарлар мен құстардың бір автокөлік құралға тиелуін жүргізеді.
Бір автокөлік құралына түрі, жынысы және жасы әртүрлі жануарларды бөлек тиеу мүмкін емес кезде, оларды бір-бірінен сенімді қоршаулармен бөлу шартымен тасымалдауға рұқсат етіледі.
Жүк жөнелтуші тиеу кезінде ірі жануарларды (жылқыларды, сиырларды, өгіздерді және басқаларды) автокөлік құралдарында басымен кабинаға қарай орналастырады және берік байлайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет