1-ші деңгей Сойыс малдарының жалпы сипаттамасы, оларды дайындау және оларға қойылатын қазіргі заман талаптарын түсіндіріңіз


Сойыс малдарын тасымалдауға дайындауды түсіндіріңіз



бет5/58
Дата22.09.2022
өлшемі127,79 Kb.
#39852
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
вет сан(1)

12.Сойыс малдарын тасымалдауға дайындауды түсіндіріңіз
Аса сапалы мал тін өндіру үшін малды азықтандыру, жайып семірту және юордақылау жеткіліксіз. Сонымен бірге малды өңдейтін орындарға тасымалдауға және етке өткізер алдындағы дайындықтарға көп мән беру керек. Малды ет клмбинаттарына тасымалдағанда оның арақашықтығына, көліктің түріне долың дағдайына және малдың тұқымына байланысты олардың тірілей салмағы 3,03-20,87% кемиді. Малды тасығанда, біріншіден жергілікті малды жұқпалы ауруға шалдырмау, малды жол бойы жұқпалы аурулардан сақтау және темір жол бойын, оның жұмыскерлерін ауру жұғудан саөқтау.
13.Сойыс малдарын тасымалдау көліктеріне қойылатын талаптарды түсіндіріңіз. Автокөлік құралдарын жабдықтауға ірі қара малды және жылқыларды тасымалдау үшін ернеулерді шанақтың еденінен - 2 м дейін және қойларды, ешкілерді және шошқаларды тасымалдау үшін 1,5 м дейін биіктікті өсіру және көлденең және тігінен қырлы жуан ағаштарды орнатуды қамтиды.
Жануарларды тасымалдау үшін қажетті жабдық пен құрал-жабдықтарды жүк жөнелтуші береді және автокөлік құралына орнатады.
Автокөлік құралының шанағында алып жүрушінің болуы қажет кезде, жүк жөнелтуші жануарлардан қоршалған арнайы орын (ірі жануарларды тасымалдау кезінде - шанақтың алдыңғы жағында) жабдықтайды.
14.Сойыс малдарын тиеуге және жол бойы күтіміне қойылатын талаптарды түсіндіріңіз. Жануарларды тиеуге таза және дезинфекция жасалған автокөлік құралдары беріледі. Жануарларды тасымалдауға арналған автокөлік құралдарының жарамдылығын және санитарлық өңдеудің сапасын мемлекеттік ветеринарлық қадағалау органдары бақылайды.
Барлық жануарларды тиеу алдында және тиеу кезінде, олар өздеріне тиесілі шаруашылықтың (базаның, ұйымның) ветеринарлық дәрігері және мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың ветеринарлық инспекторы тексереді.
Жүк жөнелтуші түрі, жынысы және жасы бойынша біртекті жануарлар мен құстардың бір автокөлік құралға тиелуін жүргізеді.
Бір автокөлік құралына түрі, жынысы және жасы әртүрлі жануарларды бөлек тиеу мүмкін емес кезде, оларды бір-бірінен сенімді қоршаулармен бөлу шартымен тасымалдауға рұқсат етіледі.
Жүк жөнелтуші тиеу кезінде ірі жануарларды (жылқыларды, сиырларды, өгіздерді және басқаларды) автокөлік құралдарында басымен кабинаға қарай орналастырады және берік байлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет