1. Сыбайлас жемқорлық ұғымына анықтама беріңіз; Сыбайлас жемқорлық» сөзі латын тілінен «corumper»


Қазақстандық қоғамның ұлттық мәдениетіндегі сыбайлас жемқорлыққа төзбеушіліктің не екенін түсіндіріңіз



бет13/44
Дата14.05.2023
өлшемі141,09 Kb.
#93064
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44
20.Қазақстандық қоғамның ұлттық мәдениетіндегі сыбайлас жемқорлыққа төзбеушіліктің не екенін түсіндіріңіз;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері қоғамның жалқаулық, парақорлық, ұрлық, әділетсіздік және басқалар сияқты кеселдерін айыптау нормаларында көрінеді. Мысалы, әртүрлі этностардың мақал-мәтелдерінде халықтың алақол адамдарға деген теріс көзқарасы көрінеді:
«Түйе немесе түйме ұрласа да, ұрының аты ұры»,
«Ұрлық жасасаң, жазадан қашып құтылмайсың»,
«Ұрымен дос болсаң, ұяласың, өзің де ұрлық жасайсың»,
«Ұры ұрлық жасауын қойса да, «ұры» атауы оның қыр соңынан
қалмайды»,
«Арамдықпен еңбек ету, тамақты ұрлықпен тапқанға тең»,
«Оңай жолмен келген табыс, құт болмайды»,
«Қайыршының қарны тоймас, ұры бай болмас» (қазақ мақалдары); «Арам жолмен келген игілік, пайдалы болмас» (күрд мақалы); «Қасқырды көк бөрі болғаны үшін емес, қойды жегені үшін соғады»
(орыс мақалы).
Бұл ретте «ұрлық» тура және жанама мағынасында да түсініледі.
«Ұрлық жасау» осы байлықтың шынайы иесіне айтпастан еңбек етпей баю дегенді білдірмей ме?
Әлеуметтік нормалар, ар-ождан мен абырой ұғымдары. Әлеуметтік тіршілік иесі мен саналы адам оны айналасындағылар қалай қабылдайды деп ойланады. Оның тәртібі қоғам белгілейтін және оның тәртібін бақылау функциясын атқаратын әлеуметтік нормалармен реттеледі. Қоғам мен адамның мұндай рухани байланысы ар-намыс пен абырой ұғымдарында білінеді.
Ар-намыс пен абыройды сақтау мәселелері қоғамдық және жеке сананың әрдайым ерекше бақылауында болды. Ар-намыс пен адами абыройын сақтау – көптеген халықтың шынайы өмір сүру мәні.Ұлы ойшыл Абай еңбекті өз игілігі үшін барлық әлеуметтік мәнінен айырылған еңбек ретінде қарастырады. Басқаның игілігі үшін еңбек ету – адамның борышы: «өз пайдасы үшін еңбек ететін адам өзі үшін жайылып жүрген малмен тең; адамдық борышын орындай отырып, еңбек ететін адамды Құдай өзінің махаббатына бөлейді» [5].Халық адал еңбек идеясын адамға табиғаттың берген бағалы сыйы ретінде дәріптейді. Бұл ой халық даналығында көрініс табады.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің элементтерін халықтың өзі шығарған шығармаларда – халық ертегілерінен табуға болады. Ертегі – халықтың арманы, оның керемет қоғам туралы елесі. Ертегі- лердің көпшілігінде халыққа тән адамгершілік белгілері: отанына деген сүйіспеншілік және оның қорғау, батырлық, зұлымдықпен күресу, еңбексүйгіштік және әділдік, адалдық пен достық, білім мен шығармашылық жинақталған. Ертегілер халықтың мінезін, оның психо- логиясын, өмірлік ұстанымдарын білдіреді.
«Сондай-ақ халық ертегілерінде басты персонаж ретінде жануар- лар – жылқылар, түйелер, ешкілер, қойлар, бүркіттер алынады, қоғам- ның материалдық өмір жағдайларына байланысты. Үй жануарлары образында әдеттегідей, адам сияқты сөйлейді, халық аллегориялық нысанда адамның кеселі мен кемістігін күлкі етеді және айыптайды»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет