4. Алдын-ала сынаудың негізгі мақсаты қандай? Алдын-ала сынау тәжірибелік үлгі немесе өнімнің тәжірибелік партиясын бақылайды. Оны тәжірибелік үлгінің қабылдаушы сынауға жіберуге мүмкіншілігін анықтау мақсатында жүргізеді. Сынау стандарттық немесе министрліктің, ведмстваның, кәсіпорынның ұйымдастыру-әдістемелік құжаттарына сәйкес орындалады. Ұйымдастыру-әдістемелік құжаттардың болмауы жағдайында сынаудың қажеттілігін әзірлеуші анықтайды.
5. Мерзімдік сынаудың мақсаты қандай? Мерзімді сынау келесі мақсаттарда жүргізіледі:
а) бұйымның сапасын мерзімді бақылау;
б) кезекті сынаулардың аралығында технологиялық процестің тұрақтылығын бақылау;
в) күші бар құжаттар бойынша бұйымды өндіруді жалғастыру мүмкігшіліктерін нақтылау, растауда:
г) бақыланатын мерзім аралығында шығарылған бұйымның сапа деңгейін нақтылау, растауда;
д) қабылдау бақылауында қолданылатын сынау әдістерінің тиімділігін нақтылау, растауда.
6. Сынау процесінің құраушылары қандай? Сынау жүйесіне келесі элементтер кіреді: объект (бұйым, өнім) ,сынаудың категориясы, сынауды жүргізуге керек құралдар және өлшеулер (сынау құрылғылары және тексеру және тіркейтін құралдар), сынауды жүргізуші, сынауға нормативті техникалық құжат (бағдарлама, әдістеме).
7. Сертификаттық сынаулар қандай мақсатта жүргізіледі? Сертификаттық сынау – бұйымның нақты сипаттамасының НТҚ талаптарына сәйкестілігін нақтылау, растау бағытындағы іс-әрекет жүйесінің элементі. Сертификациялық сынауды өткізуші мен тұтынушыға тәуелсіз сынау орталықтары жүргізеді. Сынау қорытындысы бойынша өнімнің НТҚ талаптарына сәйкестігіне байланысты сәйкестік белгісі немесе сертифика беріледі. Сертификаттау сынау қорытындысын жеткізуші мен тұтынушының өзара мойындауына ықпал етеді.