қабырғалары: -Шырышты қабығы, tunica mucosa, ол жұтқыншақтың шырышты кабығының тікелей жалғасы. Шырышты қабығы қалындау болып келуімен қатар бұлшықеттік қабығы да жаксы дамыған. Шырышты қабығының қуысқа қараған беті көпқабатты эпителиймен қапталған. Шырышты қабық пен шырышасты негізінде өңеш бездері, glandulae esophageae, мен даралынып орналаскан көптеген лимфа түйіндері болады.
-Шырышасты негізі, tela submucosa, жақсы дамыған. Шырышасты негізі аралығында кантамыр өрімдері мен нервтер орналаскан іркілдеген жылжымалы дәнекер тіннен тұрады. Шырышасты негізінің жақсы дамуына байланысты, өнештің ішкі бетінде бойлык қатпарлар түзіледі. Бұл шырышты қатпарлар, өңеш тің көлденең кесіндісінде жұлдыз-тәрізді болып келеді. Шырышасты негізінің әсерінен шырышты қабығы жылжымалы келіп, тамақтын өңеш аркылы өтуін женілдетеді.
-Өңештің бұлшықеттік қабығы, tunica muscularis, сырткы бойлық, stratum longitudinale, және дөңгелек, stratum circulare, қабаттан тұрады. Құрылысы жағынан өңештің жоғарғы бөлігінің бұлшыкеттік қабығы көлденең-жолақты ерікті еттік қабаттан тұрады, ортаңғы бөлігінде - аралас бөлігі бірыңғай салалы бұлшықеттік қабаттан тұрады.
Өңештің анатомиялық тарылулары. -Жүткыншақтық тарылу, жұтқыншақтың өңешке өткен жерінде (6 мойын омыртқасы деңгейінде) орналаскан.
-Бронхтық тарылу, кеңірдектің бифуркациясының тұсында немесе өңештің сол жақтық бронхпен (5 кеуде омыртқасы деңгейінде) шектескен жерінде орналасқан.
-Көкеттік тарылу, өңештің көкеттің өңештік тесігінен өтетін жерінде орналаскан.
Өңештің физиологиялық тарылулары.
-Қолқалық тарылу, өңештің қолқа доғасымен жанасқан жерінде орналасқан.
-Кардиалді тарылу, өңештің асқазанға өтетін жерінде орналасқан. Бұл тарылулар тірі адамдарда ғана айқын байқалады.
Асқазан немесе қарын, ventriculusseugaster, өңеш пен он екі елі ішектің аралығында қалтатәрізді кеңейген ас қорыту жүйесінің ірі тұлгалы мүшесі болып саналады. Асқазанда өңеш арқылы келген тамақ одан әрі асқазан сөлінін құрамындағы ферменттер, белоктар, майлар арқылы араластырылып, тамақ ботқасына айналады.
Асқазанның құрылысы. Асқазанның алға және жоғары қарай бағытталған алдыңғы қабырғасы, paries anterior; және артқы қабырғасы, paries posterior ажыратылады. Сонымен қатар, асқазанның алдыңғы және артқы қабырғасының түйіскен жерінде жоғары және оң жаққа қарай бағытталған асқазанның кіші иіні, curvatura ventriculi minor; төмен және сол жакқа қарай иіліп, ұзындау келген асқазанның үлкен иіні, curvatura ventriculi major, ажыратылады. Топографиялық орналасуына қарай: өңештің асқазанға ашылатын жері кардиалді бөлігі, pars cardiaca; кардиалді бөлігінің сол жағында дөңестеу орналасқан асқазан күмбезі, fundus seu fornix ventriculi; денесі, corpus ventriculi, томен және оң жакқа қарай бағытталып жіңішкелеу келген (қақпалық) пилорикалық бөлігі, pars pylorica, ажыратылады. Пилорикалық бөлігі: кіреберіс немесе қақпалық үңгірге, antrum pyloricum, және пилорикалық бөліктің өзегіне, canalis pyloricum, бөлінеді. Пилорикалық боліктің он екі елі ішек пен шектескен жерінде дөңгелек қақпа, pylorus, орналасқан. Ол, асқазан мен он екіеліішектіңаралыкшекарасыболыпсаналады. Асқазанныңсыртқыпішіні, өлшеміадамныңденебітіміне, ішкентамақтынмөлшерінебайланыстыөзгермелікеледі. Ересекадамдардаорташатойыпішкенасқазаннынұзындығы 24-26 см, асқазанныңүлкениіні мен кішіиінініңаралыққашықтығы 10-12 см, алдыңғықабырғасы мен артқықабырғасыныңартқыкашыктығы 18-20 см тең.