1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі


Жұтқыншақ: қабырға құрылысы, топографиясы, қызметтері



бет98/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   110
Байланысты:
Анатомия сессия шпор (2)


131.Жұтқыншақ: қабырға құрылысы, топографиясы, қызметтері.


Жұтқыншақ, pharynx, мойын мен бастың манында орналаскан сыртқы пішіні конустәрізді келген ас қорыту жүйесі мен тыныс алу жүйесінін бастапкы бөлігі. Жүтқыншақ топографиялык орналасуына қарай: мүрындық бөлікке, pars nasalis, ауыздык бөлікке, pars oralis, жэне көмейлік бөлікке pars laryngea, бөлінеді.
Жұтқыншактың топографиясы: Жұгқыншақ бассүйектің негізінен басталып, VI - мойын омыртқасының тұсында өңешке, esophagus, жалғасады. Артқы кабырғасы мойын омырткаларымен, бүйір қабырғасы: мойын маңында орналаскан ірі кантамырлармен және кезбе нервпен, n.vagus, шектеседі, алдынғы кабырғасы: хоан тесігі, сһоапа, аркылы мұрын куысымен, аран, isthmus faucium, арқылы ауыз куысымен, алмұрт тәрізді калта арқылы, recessus piriformis, арқылы көмеймен шектеседі. Жұгқыншақтың мұрындық бөлігі, pars nasalis, ол бассүйектің негізінен жұмсақ тандайға дейінгі аралыкта орналасқан.
Қабырғалары:
-Жоғарғы қабырғасы: сынатәрізді сүйек пен шүйде сүйегінін төменгі бетімен шекте леді.
-Артқы қабыртасы: І-ІІ мойын омыртқасымен және жұтқыншақ бадамшасымен, tonsilla pharyngealis, шектеледі.
-Алдьщғы қабырғасы жоқ, хоан тесігі аркылы мұрын куысымен байланысады.

-Бүйір қабырғасында: түтік буылтығы, torus tubarius жэне есту түтігінің сырткы тесігі, ostium pharyngeumtubae auditivae, сыртқы есту түтігі мен тандай пердесінің аралығында түтік бадамшасы, tonsilla tubaria, айқын байқалады.


-Төменгі қабырғасы жок, жұгкыншақтын ауыздық бөлігіне жалғасады. Жүткыншактын ауыздык бөлігі, pars oralis, ол жұмсақ тандай мен көмей бөбешігінің, epiglottis, аралығында орналаскан. Қабырғалары:
-Алдынғы қабырғасы жоқ, аран, fauces, арқылы меншікті ауыз куысымен, cavum oris propria, байланысады.
-Арткы кабырғасы бірінші, екінші мойын омыртқаларымен шектеледі.
-Жоғарғы, төменгі қабырғалары жоқ, себебі жұткыншақтың мұрындык және көмейлік бөліктеріне жалғасады. Жұтқынш ақтың көмейлік бөлігі, pars laryngea, ол көмей қақпағынын тұсынан басталып, VI-мойын омыртқасының тұсында өңештің мойындық бөлігіне жалғасады. Қабырғалары:
-Алдынғы қабырғасы комеймен шектескендіктен жұтқыншақтың комейлік бөлігі деп аталынады. Мұнда жұтқыншактын алмұрт-тәрізді орналаскан қалтасы, recessus piriformis, айкын байкалады.
-Жоғарғы және төменгі кабырғалары жоқ, ол жоғарыда жұтқыншақтың ауыздық бөлііне жалғасса, төменгі бөлігі алтыншы мойын омыртканың тұсында өңешке жалғасады.
Жұгқыншақ қабырғаларының кұрылысы. Жұтқыншақ қабырғалары: шырышты, бұлшықеттік және сыртқы дәнекер тінді қабаттан тұрады.
-Шырышты қабығының, tunica mucosa pharyngis, мұрындық бөлігі кірпікшелі эпителиймен, ауыздык және көмейлік бөліктері көпқабатты эпителиймен қапталған. Жұтқыншақтың шырышты қабығы нашар дамуына байланысты қатпарлар түзбейді, шырышты бездерге өте бай.
-Жұтқыншақтын бұлшықеттік кабығы: бойлық және дөңгелек қабат көлденең жолақты бұлшықеттерден тұрады
-Жұтқыншақтың дәнекер тінді кабығы, tunica adventitia, жұтқыншықтың сыртқы қабығы болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет