Көз шарасының латералдық қабырғасы paries lateralisдеп аталынады. Олбетсүйек os zygomaticumпен сына сүйектің үлкен қанатының көзшарасына қараған бетінен тұрады. Латералдық қабырға жоғарғы қабырғасынан көз шарасының жоғарғы саңылауы fissura orbitalis superiorарқылы бөлінген және бетсүйектің көз шарасына қараған жағында бетсүйектік көзшарасы өзекшенің тесігі foramen zygomatico orbitalis ерекше көрінеді.
Көз шарасының медиалдіқ қабырғасы paries medialisсагитальды орналасқан. Алдынғы жағынан көзжас сүйегі мен тор сүйектің лабиринтінің көз шарасынақараған бетінен ал артқы жағынан сына сүйектің
денесінің латералдық бетінен тұрады. Медиалды қабырғасының алдыңғы бөлігінде көзжас қаптың шұңқыры fossa sacci lacrimalis бағытталған, бұл алдыңғы және артқы көз жасы қырқаларымен шектелген. Шұңқыр төменнен мұрын қуысының өтісіне ашылатын мұрын көз жасы өзегіне canalis nasolacrimalis жалғасады. Медиалды қабырғасының жоғарғы жиегінде тор сүйектің алдыңғы, артқы тесіктері foramen ethmoidale anterius et medius орналасқан.
Көз шарасының төменгі қабырғасы paries inferiorол жоғарғы жақ сүйектің көз ұялық бетімен түзілген. Бет сүйектің көз шарасына қараған бетінен және таңдай сүйектің көз шарасына бағытталған өсіндісінен тұрады. Төменгі қабырғасы мен латеральдық қабырғалардың аралығында көзшарасын самайасты ойысын қанат-таңдай ойысы мен өзара байланыстырып тұрушы көз шарасының төменгі саңылауы fissura orbitalis inferiorорналасқан және көз шарасының төменгі бетінің бүйір қапталына таман көз шарасының төменгі саласы sulcus infraorbitalisайқын байқалады.
Көз ұяның төменгі қабырғасында көз ұя асты өзегіне canalis infraorbitalis жалғасатын көз ұя асты жүлге өтеді. Өзек жоғарғы жақсүйектің алдыңғы бетіне көз ұя тесікпен foramen infraorbitaleмен аяқталады. Бұл өзекшеден жоғарғы жақ сүйегінің терең қабатында, жоғарғы жақ сүйегі тістерінің түбіріне бағытталған жоғарғы альвеолярлық алдыңғы және аралық өзекшелер canalis alveolaris superior anterior et medius өтеді. Шұңқырдың шекарасы самайастылық қырқа crista infratemporalis болып табылады. Бұлшұңқырдың алдыңғы, медиалді, латеральды қабырғасы ажыратылады.