Жауап: Мұрын қуысы — cavitas nasi, бет сүйектердің жоғарғы бөлігінің орталығында орналасқан.Мұрын қуысының қабырғалары, сүйектік және шеміршектік бөліктен тұрады. Бұл қуыстың кіретін сүйектік тесігін алмұрт тәрізді апертура apertura piriformis дейді. Бүл мұрынның сүйектік қуысының алдыңғы тесігімен сосын мұрын сүйегінің төменгі жиегімен шектеседі. Артқы немесе жұтқыншақпен жалғасатын тесігін "хоан" сһоапае депатайды және хоаналар оң және сол болып бөлінеді. Бұл жоғарыдан сына тәрізді сүйек денесімен төменнен таңдай сүйектің горизантальды табақшасымнен шектелген. Мұрын
қуысының жоғарғы, төменгі, бүйір және аралық қабырғалары ажыратылады. Жоғарғы қабырғасы мұрын сүйегінен, тор сүйектің горизонталді табақшасынан және сына сүйегі мен шүйде сүйектің денесінің мұрын қуысына қараған бетінен тұрады. Төменгі қабырғасы сүйектік таңдайдан palatum osseumтұрды. Аралық қабырғасы кеңсірік сүйек пен тор сүйектің перпендикулярлық табақшасынан тұрады. Бүйір қабырғалары жоғарғы жақ сүйекпен, тор сүйек лабиринтінің мұрын қуысына қараған бетінен және таңдай сүйектің перпендикулярлық табақшасы мен төменгі кеуілжір сүйегінің мұрын қуысына қараған беттерінен құралған. Мұрын қуысының бүйір қабырғасының мұрын қуысына қараған бетінде жоғарғы, аралық және төменгі кеуілжірдің аралығында,мұрың қуысының үш өту жолы болады. Мұрынның жоғарғы жолы meatus nasi superiorмен ортаңғы кеуілжірдің concha nasalis mediusаралығында орналасқан. Мұрын қуысының бұл өту жолы, сына сүйектің қойнауы мен және тор сүйектің артқы ұяшығымен жалғасады. Мұрынның ортаңғы жолы meatus nasi mediusол аралық кеуілжір мен төменгі кеуілжірдің аралығында орналасқан. Бұл өту жолмаңдай, жоғарғы жақ сүйегінің қойнауы мен
және тор сүйектің лабиринтінің алдыңғы, аралық ұяшығымен жалғасады. Мұрынның төменгі өту жолы meatus nasi inferiorтөменгі кеуілжір мен таңдайдың аралығында орналасқан. Бұл өту жол көзшарасы мен мұрын-көзжас өзегі — canalis nasolacrimalis арқылы мұрын қуысы мен ауыз қуысы мен күректістік өзекше — canalis incisivusарқылы жалғасады.