1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі


Қағу, тіс-ұяшықтық синдесмоз (gomphosis, syndesmosis dentoalveolaris)



бет29/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   110
Қағу, тіс-ұяшықтық синдесмоз (gomphosis, syndesmosis dentoalveolaris) - тістердің тіс ұяшықтары қабырғасымен байланысы. Бұл өте берік байланыс, оны периодонт деп атайды, амортизатор қасиетіне ие. Периодонттың бағыты жақ сүйектердің ұяшықтары қабырғасынан тіс түбіріне дейін перпендикуляр жатады. Талшықтардың арасында қан тамырлар мен жүйкелерге бай қоймалжың дәнекер тін болады. Жақ сүйектерді қатты қысқанда антагонист-тіс қысымының нәтижесінде периодонт қатты езіледі және тіс ұяшыққа 0,2мм-ге дейін кіреді.
Жас ұлғайған сайын қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі бұзылады, тістер қозғалмалы келеді және түсіп қалады.
Шеміршекті байланыстар.
Шеміршекті байланыстар – синхондроз,(articulatio cartilaginea) сүйектердің шеміршек тіні арқылы үзіліссіз қосылуы және шеміршектің физикалық қасиеті арқасында серпінді қосылуы. Шеміршек тіні қасиетіне қарай: гиалинді синхондроз (1-қабырға мен төссүйек арасында) және талшықты синхондроз (механикалық әсерге кедергі көп жерде, мысалы омыртқа денелері арасында) деп бөлінеді.
Белгілі мерзімге байланысты: тұрақты(бүкіл өмір бойы болады; Мысалы: самай сүйегі пирамидасы мен сынатәрізді сүйек, пирамида мен шүйде сүйегі арасында) және уақытша(белгілі бір жасқа дейін болады, кейін синостоздарға айналады; Мысалы: эпифиз бен метафиз арасындғы не бір жамбас сүйекке қосылатын жамбас белдеуінің 3 сүйегі арасындағы синхондроздар) деп бөлінеді.
Сүйекті тіні арқылы байланыстар.
Синостоз (juncture ossea seu synostosis ) – үзіліссіз байланыстар ішіндегі серпімділік және амортизатор қасиеті жоқ, ең берік байланыстар. Қалыпты жағдайда уақытша синхондроздар, сонымен бірге жіктер мен еңбектер сүйектенеді. Кейбір аурулар(Бехтерев ауруы, остеохондроз) кезінде барлық синхондроздармен қатар синдесмоздар да сүйектенуі мүмкін.
35-сұрақ.
Буындардың буын пішініне, қозғалыс біліктеріне, қызметтеріне байланысты жіктелуі.
Жауап:
Буындарды бірнеше принцип бойынша жіктейміз: 1. Буындық беттерінің саны бойынша; 2. Буын бетінің пішіні бойынша; 3. Қозғалыс білігіне байланысты; 4. Қызметі бойынша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет