1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі


Самай бұлшыкеті musculus temporalis -



бет43/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   110
Самай бұлшыкеті musculus temporalis - желпуіш пiшiндi болып келеді. Самай сүйектің яғни planum temporale-ның барлық бетінен және аттас шандырдын терен табағынан басталып ал будалары төменге қарай бірігеді . Алдынғы будалары вертикалды , арткылары горизонталды жүріп , processus coronoideus mandibulae ұшына және медиалды бетіне бекінеді . Функциясы : алдынгы және ортаңғы будалары екіжақты жиырылғанда төменгі жақ сүйектi көтереді , ал арткылары төмен тартады .
Қанат тәрізді латералды бұлшықет musculus pterygoideus lateralis үшбұрыш пішінді , fossa infrаtemporalis жатады . Оның жоғарғы caput superior және төменгі бастары caput inferior болады, олардын арасында V жұп тармағы ұрт жүйкесі өтеді. Ал қызметі: екіжақты жиырылғанда төменгі жақ сүйекті алға жылжытады , ал бір жақты жиырылғанда қарама – қарсы жаққа ығыстырады.
Қанат тәрізді медиалды бұлшыкет musculus pterygoideus medialis пішіні мен талшықтарының бағыты бойынша musculus mаѕѕеter -ге ұқсайды , бірақ одан әлсіз келеді. Бұлшыкет сына тәрізді сүйектің қанаттық өсіндісінің fovea pterygoidea - сынан басталып, ramus mandibulae ішкі бетіне foramen mandibulae - ден tuberositas pterygoidea - ға дейін бекінеді. Ал қызметі : екі жақты жиырылғанда төменгі жак сүйекті көтереді , бір жақты жиырылғында карама - қарсы жакка ығыстырады.

56.Мойынның бұлшықеттері мен шандыр қабықтары. Мойынның беткей бұлшықеттері. Мойынның терең бұлшықеттері


Жалпы Мойын бұлшықеттерінің шығу тегі бойынша жіктелуі

  1. Бірінші висцералык доғадан дамыған бұлшықеттерге - musculus mylohyoideus, venter anterior musculi digastrici кіреді.

  2. Екінші висцералык доғадан дамыған бұлшықеттерге - musculus stylоhуоіdeus, venter posterior musculi digastrici , platysma.

  3. Үшінші және төртінші желбезек доғалардан дамыған бұлшықеттерге - musculus stylоglossus , musculus stylopharyngeus , musculus hyoglossus , musculus genioglossus және жұмсақ таңдайдың , жұтқыншақтың , көмейдің , өңештің жоғарғы бөлігінің бұлшықеттері кіреді.

  4. Бесінші висцералық доғадан дамыған бұлшықеттерге - musculus sternocleidomastoideus .

  5. Миoтoмның вентралды бөлігінен дамыған бұлшықеттерге - musculus geniohyoideus және тіл асты сүйектің астында орналасатын мойынның терең бұлшықеттері .

  6. Миoтoмның дорсалды бөлігінен дамыған бұлшықеттерге - musculi suboccipitales жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет