Жоғары ерінді көтеретін бұлшықет – musculus levator labii superioris Қызметі: жоғары ерін мен мұрын қанатын көтереді және танауды кеңейтеді.
Бет сүйектің үлкен және кіші бұлшықеттері- musculi zygomaticus major et minor. Қызметі: ауыз бұрышын жоғары және латералды көтереді.
Езуді көтеретін бұлшықет – musculus levator angulus oris бет сүйектің үлкен және мұрын бұлшықеттерімен жабылған. Қызметі: ауыз бұрышын жоғары тартады.
Езуді түсіретін бұлшықет – musculus depressor anguli oris. Қызметі: ауыз бұрышын түсіреді.
Ерінді түсіруші бұлшықет – musculus depressor labii inferioris алдыңғы бұлшықеттің тереңінде орналасқан. Қызметі: төменгі ерінді төмен және латеральды тартады және ерінді сыртқа шығарады.
Иектік бұлшықет – musculus mentalisалдыңғы бұлшықетпен жартылай жабылған. Қызметі: иектің және төменгі еріннің терісін көтеріп соның нәтижесінде иек терісінде шұңқырша пайда болады.
Күлкі бұлшықеті – musculus risoriusкөлденең бағытта жүретін жіңішке будалардан тұратын тұрақсыз бұлшықет болып табылады. Қызметі: ауыз бұрышын латералды жаққа тартады.
Ұрт бұлшықеті – musculus bucinatorұрттың қалыңдығында шырышты қабық астында орналасқан. Қызметі: ауыз бұрышын латералды тартады және екі жақты жиырылғанда ұртты тістерге жақындатады сонымен қатар ауыз саңылауын кереді.
Күректістік бұлшықеттер – musculi incisivi бұл бұлшықет тұрақсыз болып саналады. Қызметі: ауыз бұрыштарын жақындатады, ерінді алға шығарады.
55.Шайнау бұлшық еттері, құрылысы, қызметі.
Шайнау бұлшықеттеріне – musculi masseter, temporalis, pterygoideus lateralis, pterugoideus medialis кіреді.
Шайнау бұлшықеті яғни musculus masseter пішіні төртбұрышты , жартылай шықшыт безбен және мойынның тері асты бұлшықетімен жабылған . Ол бет сүйектік доғаның төменгі жиегінен және ішкі бетінен екі қабатпен (яғни беткей және терең ) басталып , бұлшықет талшықтары төменгі жақ сүйек тармағына processus coronoideus негізінен tuberositas masseterica - ға дейін бекінеді. Қызметі: екіжақты жиырылғанда төменгі жақ сүйекті көтереді , ал терең кабаты жак сүйекті артка ығыстырады .