Жауырынды көтеруші бұлшықет яғни musculus levator scapulae трапеция тәрізді және төс бұғана - емізік бұлшықеттің астында орналасқан.Функциясы: жауырынды көтеру мен қатар омыртқа бағанасына жақындатады. Жауырынды мықтап ұстаған жағдайда, омыртқаларды жиырылған жағына қарай тартады.
Қабырғаларға бекитін бұлшықеттерарқаның беткей бұлшықеттерінің үшінші қабатын құрайды.
Арканың артқы тісшеленген жоғарғы бұлшыкеті - musculus serratus posterior superior ромб тәрізді бұлшықеттің астында орналасқан және төрт тісімен ІІ - V кабырғалар бұрышының латералды бұрышына бекінеді. Функциясы : қабырғаларды көтереді.
Арқаның артқы тісшеленген төменгі бұлшықетіmusculus serratus posterior inferior musculus latissimus dorsі астында орналасқан.Бұлшықет жоғарғы екінші бел омыртқалардың қылқанды өсіндісінен басталып, жоғары және латералды бағытта өтіп, төрт тісшесімен IX - XII қабырғаға беінеді. Ал Функциясы : қабырғаларды түсіреді .
Арқаның терең бұлшықеттері Ұзын бұлшықеттер Бастың қайыс бұлшыкеті және мойынның кайыс бұлшықеті яғни musculus splenius capitis et таѕсulus splenus cerviсis олар musculus trapezius,musculus rhomboidei et musculus serratus posterior superior бұлшықеттерінің астында орналасқан.Функциясы: бастың қайыс бұлшықеті біржақты жиырылғанда жиырылған жакка бастың бұрылуы екіжакты жиырылғанда бас артка шалқаяды . Мойынның қайыс бұлшықетінде қызметі дәл осындай.
Омыртқа бағанын тік ұстаушы бұлшықет - musculus erector spinae.crista iliaca-дан басталып кеуденің ІІ-VІІІ омыртқаларына дейін жалғасады және үш топ бұлшықеттерге бөлінеді.
1.мықын-қабырғалық бұлшықет – musculus iliocostalis 3бөлімнен тұрады: бел, кеуде және мойын musculus iliocostalis lumborum, the racist et cervicis.
2.аса ұзын бұлшықет – musculus longissimus ол кеуде,мойын және бас бөлімдері бар (musculus longissimus the racist, cervicis et capitis)
3.арқа бұлшықеті - musculus spinalis бұл бұлшықеттіңде кеуде,бас, мойын бөлімдері бар.
Ал бұл бұлшықеттің қызметтері: омыртқаны жазуды қамтамасыз етеді. Musculus iliocostalis lumborum қабырғаларды түсіреді. Ал musculus longissimus capitis екі жақты жиырылғанда бас шалқайады.ал біржақты жиырылғанда басты бұрып жиырылған жаққа басты айналдырады.