1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі


Орталық нерв жүйесі. Жұлынның эмбриогенезі, нерв түтігінің қалыптасуы



бет86/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   110
Байланысты:
Анатомия сессия шпор (2)

100.Орталық нерв жүйесі. Жұлынның эмбриогенезі, нерв түтігінің қалыптасуы.
Нерв жүйесі – эктодермадан дамиды. Алғашқыда нерв пластинкасы түрінде болады. Содан кейін осы нерв пластинкасының жиегі қалындайды. Бір-біріне жақындап, нерв түтігін құрайды. Нерв түтігі эктодермадан бөлініп шығады. Нерв түтігінен ганглиоздық пластинка қалыптасып, 2-ге бөлінеді: 1-шісі омыртқаралық тұйіндер, ganglia intervertebralia, 2-шісі симпатикалық нерв түйінді тобы. Нерв түтігінің краниалді бөлімінен ми, encephalon, дамиды. Қалған бөлігінен жұлын, medulla spinalis , дамиды.
Нерв түтіктерінің жасушасы – нейрон. Нейрон денсінен, ұзын, қысқа өсінділерінен тұрады. Нейрон сыртын нейроглия қоршап орналасады. Көлемі, пішіні әртүрлі. Денесінде протоплазма,ядро, басқа органоидтар жәнетигроид заттан тұрады.
Өсінділерінің санына байланысты: мультиполярлы-өсінділерінің саны көп, биполярлы –екі өсіндісі бар, униполярлы –бір өсінділі. Жұлында биполярлы және жалған униполярлы түрі кездеседі.
Атқаратын қызметіне байланысты: сезімтал (афферентті), қимыл (эфферентті), аралық нейрондар.
Жұлын,medulla spinalis.
Орналасуы: омыртқа өзегінде, canalis vertebralis. Foramen magnum-нан басталып, ІІ бел омыртқаға дейін орналасады.
Сыртқы құрылысы: жұлынның 2 буылтығы бар:
-мойындық буылтық, intumescentia cervicalis , 3 мойын омыртқасынан басталып, 3-кеуде омыртқасына деңгейінде орналасады. Қолдың жұмысын қадағалайды.
-бел буылтығы, intumescentia lumbaris, 10-кеуде омыртқасынан басталып, 2 бел омыртқасына дейін орналасады. Аяқтың жұмысын қадағалайды.
Ішкі құрылысы: ақ және сұр заттан тұрады.
-Сұр заты, substantia grisea, - көбелек тәрізді немесе Н-әрпі тәрізді болады.
-Ақ заты, substantia alba:
-3жіпшеден тұрады: алдыңғы жіпше, funiculus anterior,
-бүйір жіпше, funiculus lateralis,
-артқы жіпше,funiculus posterior.

101.Жұлынның сыртқы құрылысы. Жұлын ішкі құрылысы.
Жұлын,medulla spinalis.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет