1. Сөз өнерінің табиғаты



бет11/29
Дата11.04.2023
өлшемі129,39 Kb.
#81591
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
Жайнаған туың жығылмай,
Жасқанып жаудан тығылмай.
Жасаулы жаудан бұрылмай,
Жау жүрек жомарт құбылмай... (Абай)
Ассонанс – өлең жолдарындағы басқы дыбыстарының біркелкі дауысты дыбыстар болып қайталануы. Мысалы:
Еңсесі биік ақ орда,
Еңкейіп сәлем бер сана.
Ернеулі жұқа сары аяқ,
Ер сарқытын бер сана. (“Ер Едіге”)
Эпитет (айқындау) – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын айқындайтын, анықтайтын сөз. Мысалы:
Айнаштың жіңішке саусақтары жығылып жатқан күріштің сабақтарын жылпылдатып жинап үлгергенше, оң қолына ұстаған өткір орақ сол қолдың уысындағы сабақтарды қырқып та үлгерді. Немесе, бір күні орақ оруда жүрген Айнаш нақ қасынан естілген еркек даусына жалт қараса, ойда жоқта кеп тұрған Әбен екен.
Теңеу- заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа нәрсемен, құбылыспен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі. Оның жасалу жолдары: -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы:
...Біз Айнашты канал үстінде, кетпен шабуда көрдік: қар ұшқындаған салқын ауада бетінің қаны піскен алмадай құлпырған, 21 жастағы жас Айнаш, Сырдың сіңірдей қатты топырағына кетпенін құлаштай соққанда, жердің бүйірі солқылдады.
57.Композициялық элементтер және композициялық бүтіндік мәселесі
Кең мағынасында композиция – көркем форманың құрылымы және оның ең бірінші қызметі - бір бүтіннің барлық бөлшектерін біріктіру. Екінші қызметі – шығармадағы образдарды жүйе-жүйесімен орналастыра отырып, белгілі бір көркемдік мағына жүктеу.
Композицияны шартты түрде сыртқы және ішкі деп жіктеуге болады. Шығарма композициясын талдау барысында жиі кездесетін кемшілік - студенттер көбінесе оның сыртқы құрылымына: томдарына, бөлімдеріне, тарауларына көп тоқталып жатады. Туындыны тарауларға бөлудің көмекші сипаты ғана бар, ол композициялық құрылымның ішкі қабаттарына бағынады. Алайда сыртқы композицияның барлық шығармаларда бола бермейтін: арнау, эпиграф, пролог, эпилог, күнделік, хаттар т.б. сияқты белгілерін назардан тыс қалдырмау қажет.
Эпиграф нақты мәтіндік және мәдени парадигмадан (үлгіден) дайын күйінде алынып, мақал-мәтел, белгілі шығармалардан, өлеңдерден үзінді, өнегелі және қанатты сөздер т.б. үлгісінде беріледі. Ол шығарманың көркемдік әлемінде түрлі қызмет атқарады: жазушының шығармашылық нысанынан хабар береді, шығарманың сюжеттік, концептуалдық және стилистикалық бояуын айқындайды, автордың позициясын танытады, оқырманды эпиграф болған мәтінге бағыттап, ассоциация қалыптастырады.
Арнау автордың шығарманы кімге және не себепті арнап отырғанын көрсетеді. Оның да кейбір жағдайда туынды композициясын түсінуге септігін тигізетін жағдайлары бар. Мысалы, М.Мағауиннің «Көкбалақ» романын Сүгірбай күйшінің, Жүнісбай домбырашының ізгі рухына, халқымыздың музыкалық мұрасын қастерлеп, сақтаған қария атаулыға бағыштауы, А.Алтайдың «Прописка» әңгімесін Желтоқсанда із-түзсіз кеткендердің рухына бағыштауы туралы арнаудың туынды идеясына тікелей қатысы бар.
Композицияның сюжеттен тыс бөлігі: пролог (грекше prologos – кіріспе сөз) – әдеби туындының алғы сөзі. Мұнда негізгі сюжетке дейінгі бірнеше оқиға баяндалуы мүмкін. Ол оқырманды енді болатын оқиғаға дайындап, назарын аударып, сюжеттің кіріспесі қызметін атқарады. Ежелгі Грекияда пролог көрермен көңілін сахнаға аудару, арнау, жарлау мағынасында да қолданылған. Қазақ әдебиетінде С.Ерубаевтың «Менің құрдастарым» романының алғашқы тарауларын пролог деп бастаған.
Сюжет шешімінен кейін кейіпкерлердің іс-әрекеті, өзара тартысы аяқталған соң, олардың одан арғы хал-жағдайына қысқаша мәлімет беру эпилог деп аталады. Эпилог (грекше epilogos – соңғы, кейінгі сөз) – шығарма шешімінен кейінгі қорытынды бөлім. Мысалы: М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының эпилогында бала мен аққудың өлімінен кейінгі көлдің қазіргі жетімсіреген жағдайы, аққулардың бұл араға мүлде оралмай кетуі суреттеледі.
Композиция – көркем шығармадағы элементтердің, құрамдас бөліктердің, образдардың белгілі бір тәртіппен, рет-ретімен, жүйелі орналасуы. Ол шығарма мазмұнымен тікелей байланысты. Кемел композициясыз жақсы шығарма тууы мүмкін емес. Композиция – көркем шығарманың формалық құрылымын ғана реттеп қоймай, ішкі әлемін де үйлесімге келтіреді. «Нағыз кемел туындыда, - дейді Л.Н.Толстой, - бір өлеңді, бір көріністі, бір айшықты сөз тіркесін, бір бөлшекті шығарманың тұтастығына, бүтін бітіміне нұқсан келтірмей, өз орнынан басқа жерге ауыстыра алмайсыз» [1, 131]. Ойшылдың бұл пікірі, ең алдымен, шығарма композициясына, оның тұтастық сипатына қатысты.
Композиция –құрастыру, шығару деген мағынаны білдіреді.Өнер туындыларын әзірлеу барысында шығармашылық ойды толық жеткізе білу үшін, композиция заңдылықтарын толық меңгеру қажет. Бұл заңдылық бойынша көркем шығарманың барлық құрамдас бөліктерінің гормониялы тұтастығы, сонымен қатар функционалдылығы мен конструктивтілігі ескеріледі. Үйлесімді композицяның маңызды қасиеті, оның тепе-теңдігі болып табылады,бұл жағдайда барлық элементтер өзара теңестірулі болады. Композициялық тепе-теңдік композицияның негізгі массасын, оның орталығына қатысты үйлестіруге байланысты. Негізгі бөліктің немесе композициялық орталықтың болуы, композиция тұтастығын, оның аяқталған көрінісін айқындайды.

Композиция құралдары:Композиция элементтерін үйлестіруге композиция құралдары деп аталатын ерекше құралдардың көмегі арқылы қол жеткізуге болады. Композицияны үйлестіру құралдарына пропорция, симметрия, асимметрия, нюанс, контраст, метр, ритм, түс.


Композиция, сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты : сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы һәм тәсілі. Оның үстіне, бұлар да мазмұн мен пішін, не тақырып пен идея секілді біріне – бірі кшіп отыратын нәрселер; мәселен, композициялық бүтіндік, тұтастық жоқ жерде сюжет те жоқ. Сюжет – сюжет болу үшін оның барлық кезең – кезеңі түп – түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет. Бұл да сюжет пен композицияға тән бірлік.

Бірақ сюжет пен композицияның осындай өзара бірліген түсіне тұра олардың бір – бірінен өзгешелігін де ажырата білген жөн.

Қандай өзгешелік ?

Біріншіден, сюжет кез келген көркем шығармада бола бермейді.


Мысалы, мына өлеңді оқып қарайық :

Өзіңдей ұяңсың сен ар – ұяттың

Өзіңдей қиялсың сен табиғаттың.

Өзендей көкірегімде ағып жаттың,

Жалындай көкірегімде жанып жаттың.

Кешкілік серуен құрып, бақта жүріп,

Сыр шерттің ақ жаныңмен ақтарылып:

Нұрымен көздеріңнің қалды сонда,

Жазылып жүрегіме автогрф.

(С. Мауленов).

Шабытты жыр, сұлу сыр!.... Осы өлеңде сюжет бар ма ?Жоқ, сюжет жоқ. Композиция бар ма ? Бар болғанда қандай!.... Бәрінен бұрын ақынның көңіл күйіне, жан тебіренісінде, іштей тұтануы мен ұшқындауында бір түрлі бір әсем ажар, төрт құбыласы тегіс табиғи бүтіндік бар. Тек осындай ішкі әсемдіктен ғана мынадай саф таза сезім, шабыт пен сырға толы жыр туады. Содан соң ақынның ойы мен образында өзгеше үндестік бар : өзі өлеңге айналдырып отырған аяулы адамның ұяң мінезін кіршіксіз ар – ұятқа, болмыс – бітімін арман секілді табиғатқа теңеуі немесе одан ұққан сырды көкіректегі әсем ағысқа, ол дарытқан сезімді кеудеде лапылдаған жалынға теңеуі өзіңнің өзін биік әдемілікке, өнер туындысындағы шебер қиысқан мазмұн мен пішінге тән ішкі гармония мен сыртқы симметрияға көтеріп әкеткен. Ақыр аяғында ақынның шындықты суретке, суретті философиялық ұғымға айналдыру әрекетінде де рет – ретімен тартылған желі, өрілген арқау бар. Артық кеткен, шашау шыққан ештеңе жоқ. Өлең жұп – жұмыр. Осының бәрі – ұтымды тұтасқан композицияның әсері.
58.Драмалық жанр ерекшелігі
Драма — көркем шындықты ерекше тәсілдерімен шиеленіскен тартыстар желісіне жинақтап, оқиғаға қатысатын кейіпкерлер сөзі мен іс-қимылы арқылы көрсететін сөз өнерінің күрделі тегі. Драмалық шығармаларда баяндау болмайды. Оқиға, яғни тартыс желісі репликалар (кейіпкер сөзі) арқылы дамиды. Автор кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын білдіретін түсініктемелерді жақша ішіне бөлек жазып отырады. Оларды авторлық ремарка немесе ремарка деп атайды. Оқиғаның негізгі даму арнасы болып табылатын кейіпкерлер сөзі, яғни репликалар, көбінесе, диалог, кейде монолог түрінде болады. Қалай болғанда да репликалар шымыр, ондағы кейіпкер мүддесі мен құштарлығы, аласұрған сезім әлемі көрермендерді еліктіретіндей деңгейде құрылуы қажет. Олар өлең түрінде де, қара сөз түрінде де бола береді. Драмалық шығармалардың құрылымы ондағы оқиға мен тартыстардың даму қарқынына және ауқымына байланысты көріністерге, актілерге, бөлімдерге бөлінеді. Ал композициялық тұрғыдан Драмада оқиғаның (тартыстың) басталуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімін табуы болады. Кейбір шығармалар мұндай классик үлгіден өзгеше, яғни бірден тартыстың шиеленіскен тұсынан басталуы мүмкін. Ежелгі грек трагедияларында сахналық шығармалардағы тартыс аяқталып, өз шешімін тапқан соң, міндетті түрде бас кейіпкердің азапты күйі көрсетілген. Мұны катарсис, яғни күйіне отырып күнәсінен арылу деп атаған. Сезім мен қайғы-қасіретке толы бас кейіпкер монологі көрермендерге қатты әсер еткен. Қазіргі заманғы драмаларда, әсіресе, қазақ драмаларында осы үрдіс қолданылып жүр. 

Трагедия бас кейіпкер әрекетінің азаппен аяқталуын көрсетуге, комедия адам қылығы мен әлеуметтік өмірдегі келеңсіз көріністерді әжуалауға құрылса, драма адамдар мүдделері арасындағы қақтығыс, шиеленіскен тартысқа құрылады. Осы қақтығыстың сипатына, әлеуметтік мән-маңызына байланысты зерттеушілер қазіргі қазақ драмаларын қаһармандық драма деп қарастыруда. Мысалы Мұхтар Әуезовтің "Еңлік-Кебегі", Ғабит Мүсіреповтің "Ақан сері Ақтоқтысы" тағы басқа осы сынды драмаларды атап айтуға болады.

Драмадағы ең басты, ең шешуші, ең негізгі нәрсе - тіл. Пьесаның күші де, әлсіздігі де тілде. Пьесадағы әр сөз мірдің оғындай өткір, көздеген жерге дір етіп тиердей дәл, көкейге саулап құйылардай таза, мөлдір, санаға мықтап дарығандай мағыналы, мәнді болып келуге тиіс. Драма тілі тұжырымды, қысқа, түйінді болады. Өйткені романда бір бетке суреттелетін шындық пен суретті пьесада бір ауыз сөзбен беру қажет. Ал әр сөз, әр сөйлем шындықты ғана емес, сол сөзді айтқан кейіпкердің мінезін аңғартуы керек және әр адамның сөзі өзін танытуы шарт.

Драмадағы хал-күйдің басы (экспозиция), әрине, пьесаның кіріспесі іспетті, алғашқы актіде жатады. Мұның міндеті - көрерменді пьесаға қатынасатын адамдармен (персонаждармен) таныстыру. Экспозиция екі түрлі (жардай экспозициясы, мінез экспозициясы) болуы мүмкін. Мысалы, “Ревизордың” бірінші пердесіндегі Дуанбасының “мырзалар, мен сіздерді бір орасан жайсыз хабарды естіртуге шақырып едім, бізге ревизор келе жатыр” деген сөзінен кейін оран сыбайлас жемқорлар арасында туған ұйқы-тұйқы абыржулар мен сол арада көрінген әр түрлі мінездер - экспозицияның екі түрінің де тамаша үлгілері.



"Drama" деген терминнің өзі қимыл, әрекет жоқ жерде драматургиялық шығарма да жоқ. Тартыс атаулының ең бір шиеленіскен, шым-шытырық, күрделі түрі пьесада жатады. Арқауында аса маңызды, қатал, қиын қақтығыстар жатпаған пьеса - пьеса емес. Қаһарман сахнаға шықты ма, болды, дереу іске, әрекетке көшуі қажет. Үнсіз-қимылсыз үш сағат түгіл үш минут отыра алмайды. Сырғып перде ашылды ма, болды, сахнада бірін-бірі ауыстырған суреттер, эпизодтар, оқиғалар тұтасып, дами бастауы шарт және әрбір эпизод тек қана қажеттіліктен туған қалаулы, қастерлі құбылыс болуы керек. Мәнсіз, мағынасыз көрініспен көрермен көңілін аудару қиын.
59.Тіл байлығы-мазмұн байлығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет