1. Сөз өнерінің табиғаты



бет8/29
Дата11.04.2023
өлшемі129,39 Kb.
#81591
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
Фантастикалық образ- халық қиялынан туған хайуанаттар жайлы, қиял-ғажайып, тұрмыс-салт ертегілерінен бастау алады. Мысалы, "Ер Төстікте", "Керқұла атты Кендебайда", "Қырық өтірікте" фантастика жанрының негізгі элементтері кездеседі. Жазба әдебиетте фантастикалық оқиғалар Абай Құнанбайұлының "Масғүт", "Ескендір" дастандарында, С.Ерубаевтың "Келешек соғыс туралы" повесінде, М.Әуезовтың "Дос - Бедел дос" және "Елу жылдан соң" пьесаларында да бар.
Юмор(ағыл. numeur - мінез, көңіл-күйі) - өмірдегі күлкілі болмыс, оқиғаларды зілсіз қалжыңмен әжуалайтын комедиялық жанрдың бір түрі. Қазақ фольклорында жеңіл юморға құрылған шығармалар жиі ұшырасады (Мысалы, Қожанасыр әңгімелері). Қазақ әдебиетінде Б.Майлин, Ғ. Мүсірепов шығармаларында юморға құрылған оқиғалар өте көп.
Сатиралық образ – ұнамсыз тип. Сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті, кері кеткендікті қаза қопарып, көптің көз алдына — көрініске шығарады, қағып-сілкілейді, мысқылмен түйрейді, сықақ етеді, көпті одан түңілтеді
Трагедиялық образ - адам мен қоғам, адамдық пен жауыздық арасындағы күрестен, қайшылықтан, адам жеңіп болмас ауыр, азапты жайларды әдеби шығармада терең, шебер жинақтаудан туады.
Геройлық образ—ұнамды кейіпкер: адамға тән небір тамаша сипаттардың синтезі секілді сом тұлға, өз дәуірінің ең аяулы, асыл мұраттарынан туған тарихи тип.
2.Г.В. Гегель эстетикасындағы қайшылықты және құнды пайымдаулар.
Гегельдің «Эстетика» атты арнаулы трактаты философтың өз ұғымындағы және өз пайымдауындағы «идея» мен «құбылыстың», яки мазмұн мен пішіннің ара-қатынасына талдау жасаудан туған.Оның эстетикалық жүйесі бойынша бұл ара-қатынастар диалектикасы өнердің үш сатысына, яғни үш (символикалық, классикалық, романтикалық) түріне сай келеді. Сонымен қатар, жалпы адам баласының көркемдік даму тарихында өнер өнер туындылары арқылы белгіленген кезең-кезеңдер де осынау үш сатыға, яки үш бағытқа сай.Мәселен, ежелгі үнді мазарлары, байырғы египет пирамидалары секілді Көне Шығыс цивилизациясының архитектураларық мұралары, Гегельдің дәлелдеуінше, өнердің символикалық түрі болыр табылады. Өйткені бұл тұста “идеал” анық емес, бұлдыр, көмескі; ал “құбылыс” “идеяның” образға айналу мүмкіндігін танытады. Жаңа заманда жан-жақты дамыған бейнелеу өнері, сондай-ақ музыка мен әдебиет өнердің романтикалық түрі болып табылады. Өйткені бұл тұста рухани “идеал” адамның сыртқы кескіні ғана емес, ішкі мінезіне, жан дүниесіне-сезіміне, көңіл күйіне айналған, сондықтан философияға жуықтаған, тіпті философияға дейін өрбіп жетілген. Гегельдің түсінігінше: өнердің предметі-әдемілік, ал эстетиканың предметі-өнер, демек, эстетиканың предметі-ұшы-қиырсыз мол әрі жан тебірентер ғажайып әсемдік әлемі. Жалпы өнер атауларының бәрін Гегель “абсолюттік рухтың” өзіндік дамуындағы, өзін-өзі тануындағы белгілі бір кезең ғана деп түсінді.Бұл-Гегельдің әлемне аян идеалистік жүйесінің эстетикалық көзқарастарындағы нақты көрініс. Ал оның идеалистік жүйесі мен диалектикалық әдісінің арасы кереғар, қайшылыққа толы. Соған қарамастан, Маркс пен Энгельстің сөзімен айтқанда, Гегель адамзаттың парасат тарихында «тұңғыш рет бүкіл табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс түріндегі нәрсе деп, яғни үнемі қозғалуда деп таныды.
Гегель өзінің шым-шытырық эстетикалық жүйесін өзінше пайымдап, идеализм қойыртпағына өзі де батты, өзгені де малтықтырды. Сөйте тұра, оның эстетикалық ілімі XIX ғасырдағы өнер теориясының одан әрі дамуына ықпал жасағанын жоққа шығаруға болмайды. Өйткені ол әдебиет пен өнердің барлық тегі мен түрін өзара тығыз бірлікте алып, жалпы идеологияның өзге түрлерімен, әсіресе ғылыммен салыстыра қарады және олардың бәрін қоғамның бүкіл дүниежүзілік тарихи дамуымен байланыстыра зерттеді. Демек, Гегельдің эстетикалық жүйесіне әдебиет пен өнердің идеалистік философиясы ғана емес, оның тарихы тарихы мен теориясы да сыйып тұр.Сондықтан В.И.Ленин Гегельдің данышпан диалектик екенін әділ бағалай келіп, «Гегель диалектикасы ой-пікір тарихын қорыту» екенін айрықша атап көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет