1 сұрақ. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің мәнін түсіндіріңіз Әдістеме дегеніміз методика. «Методика»


сұрақ. Тарихи дереккөздерінің конспектісі мен тезистерін дайындау



бет23/25
Дата21.06.2023
өлшемі0,64 Mb.
#102721
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
тарихты оқыту

27 сұрақ. Тарихи дереккөздерінің конспектісі мен тезистерін дайындау
Дереккөздерімен жұмыс жоғары сыныптарда ұйымдастырылады. Мұндай дерек көздеріне тарихшылардың, экономистер мен саясатшылардың ғылыми еңбектері мен қолбасылардың, мемлекет басшыларының, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің естеліктерін қосуға болады.
Мұғалім сабақтағы қысқаша кірісіне сөзінде бұндай еңбекпен жұмыс жасаудың міндеттеріне тоқталады. Онда құжаттың жасалған уақыты, мақсаты мен міндеттері, қысқаша сипаты айтылады. Одан әрі еңбектің құрышымы, негізгі идеясы сөз болып, тарихи оқиғалар мен құбылыстарға баға берудегі маңызына тоқталады. Алғашқы кезде бүкіл сынып ғылыми еңбекті термин, ұғымдардың сөздігін жасай отырып түсіндіру арқылы оқиды. Мұғалім мәтін бойынша сұрақтар дайындайды. Кейін тек күрделі мәтіндер түсіндіріліп, өзгесі оқушылардың өздігімен оқуына беріледі. Олар мәтіннен негізгі идеяны тауып, оған сипаттама беруге тырысады.Мұғалімнің тапсырмасымен оқушылар жай жоспардан күрделі жоспар жасауға, одан әрі еңбектің қисындық күретамыры — тезис жасауға ауысады. Тезис — дерек көзіне ешқандай сілтеме, түсіндірме, безендірме жасалмай баяндалған қысқаша негізгі мазмұн. Тезисте жалпы ой желісі басым болады. Алғашқы кезде оқушылар мұғалімнің көмегімен, кейін дербес жағдайда еңбектің тезисін дайындайды. Бір құжаттың негізінде олар тезис дайындап, конспект жасауға үйренеді.Конспектілеу- мәтіннің ең маңызды жағдайларын барынша қысқа етіп жазбаша баяндау. Оқушылар құжаттың жоспары қалай жасалып, ол қалай тезиске айналып, сонымен деректер және үлгілермен қалай толықтырылғанын (конспектіге айналғанын) жетік білуі тиіс. Конспектілеу арқылы жинақталған білім баяндама, реферат дайындағанда пайдаланылады.
Конспект дайындауға байланысты түрлі жаднама бар. Солардың бірі мынадай:1. Конспектілеу алдында шығарманы мұқият оқып, жоспарын қүру. 2. Конспектілеуді бастағанда автордың (немесе жинақ редакторының) дәл аты-жөнін, жұмыстың толық атын, шыққан жері мен уақытын көрсету. 3. Ғылыми еңбектің тарау, бөлім, параграфы барлық кезде де дәл көрсетілуі тиіс. 4. Мәтін қысқа мазмұндалады, бірақ негізгі ойлар мен дәлелдер толық жазылуы тиіс. 5. Конспектілегенде цитата қолданылуы керек. 6. Конспектілеу барысында түрлі шартты белгілер жүйесін қолдану керек, олардың конспект бойынша жауап бергенде көмегі көп. Оқушылар осылайша құжаттарды тұтастай немесе фрагмент түрінде конспектілеуді, сол бойынша тарихи тұлғалар, оқиғалар мен құбылыстарға баға беріп, құжатпен дербес, шығармашылық жұмыс жасауға үйренеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет