1 сұрақ. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің мәнін түсіндіріңіз Әдістеме дегеніміз методика. «Методика»


сұрақ. . Білімді тексеру,есепке алу және бақылау сабағының құрылымдық ерекшеліктері қандай?



бет24/25
Дата21.06.2023
өлшемі0,64 Mb.
#102721
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
тарихты оқыту

28 сұрақ. . Білімді тексеру,есепке алу және бақылау сабағының құрылымдық ерекшеліктері қандай?

Бақылау сабағы тақырып немесе бөлім бойынша кезеңдік бақылау жүргізіп және оқушылар біліміндегі ақаулықтарды анықтау үшін өткізіледі.Бұл жұмыс тарихи диктант немесе тестілеу,синхронды салыстырмалы кесте құрастыру,кескін карта толтыру сияқты тәсілдерді құрайды.Бақылау мақсатында мұғалім түсіндірген немесе сабақ үстінде оқып үйренген материал бойынша жазбаша сұрау жүргізген тиімді.Оқушыларға жазба жұмысты оқулық мәтінімен салыстырып,өз қатесін анықтау қызықты болмақ.Мысал келтірейік,”1920-1930 жылдардағы біздің ел” тақырыбына екі сағат бөлінген.Бірінші сабақта оқушылардың жартысы тапсырманы жазбаша,ал екінші бөлігі ауызша орындайды.Екінші сабақта әрекет сипаты өзгереді.Жазбаша тапсырма бірнеше нұсқада беріліп,құжатпен жұмыс,тестілеу,кескін картамен жұмыс,ұғымды түсіндіру сиқяты тапсырмаларды құрайды.



Білімді тексеру және есепке алу сабағы өз міндеттері бойынша бақылау сабағына жақын.Бұл жерде білімді жинақтау емес,оны анықтау және бағалау міндеті қойылады.Бұл сабақ тақырып бойынша мұғалімнің кіріспе сөзімен басталады.Жан-жақты әңгімелеу барысында оқушылардың жауабын жолдастары толықтырып немесе түзетіп отырады.Жазбаша жұмысты тексеруде мұғалім тестті талдайды немесе тапсырма нұсқаларын белгілеп,үлгілердің жауабын ойластырады.Жазбаша жұмысты мұғалім кейінгі сабақтарда тексеріп бағалайды немесе оқушылар бір-бірінің жұмыстарына пікір айтады.
Егер мұғалім оқушылардың тақырыпты қалай меңгергенін тексергісі келсе,негізгі сұрақтардан бірнеше тақырыпты жазбаша жауап беру үшін оқушылардың өздеріне таңдатады.
Әңгіме және өзара сұрақ.Жан-жақты әңгімелеуді ұйымдастыру кезінде сұрақтардың мазмұны мен әңгімені жүргізудің техникасына назар аудару керек.Бүкіл сыныптағы оқушылардың жұмысқа белсенділігін арттыру үшін мұғалім оларға сұрақ қойып,ойлануға аз ғана уақыт береді.Содан соң оқушыны жауап беруге шақырады.Оқушылардың ес,ойлау және зейін процестерін іске қосу үшін мұғалім “Қане,еске түсірейік”,“Сендер қалай ойлайсыңдар?” “Осылай деген дұрыс па?” деген сұрақтар қояды.
Сабақ барысында оқушылардың өзара сұрақ қою тәсілі де қолданылуы мүмкін.Ол үшін мұғалім тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар түзуге үй тапсырмасын береді.Сабақ қарсаңында ол сұрақтар мен тапсырмалар тексеріліп,түзетіледі.Сұрақ беруші оқушы оның жауабын өзі білуі тиіс,өйтпесе жауапты түзетіп,бағалай алмайды.Сабақта жақсы дайындалған бір немесе бірнеше оқушы тақтаға шақырылады (оларға ойлануға біршама уақыт беріледі).Мұғалім атаған оқушылар кезегімен сұрақ қояды.Сол кезегімен жауап беріледі.Тақтадағы бір оқушы жауап берсе,екінші оқушы жаңа сұраққа дайындалып тұрады.Бұндай өзара сұрақ беру жарысын екі оқушының арасында немесе бүкіл сынып оқушыларын қатыстырып өткізуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет