1-сұрақ: Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология


Медициналық генетика міндеттеріне кіреді



бет2/30
Дата27.09.2023
өлшемі2,67 Mb.
#111029
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Медициналық генетика міндеттеріне кіреді :
1. Тұқым қуалайтын аурулар, олардың тұқым қуалау ерекшеліктері, патогенезінің, емінің және алдын- алуының ерекшеліктері;
2. Тұқым қуалау бейімділігі мен тұқым қуалайтын ауруларға резистенттілігі;
3. Қазіргі кезде аса назар аударуды талап ететін жүрек – қан тамырлар жүйесінің ауруларына, инфекциялық, қатерлі ісік және аллергиялық ауруларға адамның икемділік дәрежесіне сай генетикалық бағдарламаның әсерін анықтау .
4. Көптеген жаңа медико - биологиялық проблемаларды ( гендік инженерия, генотерапия, генохирургия ) зерттеп игеру және ауруларды емдеуде , алдын алуда кеңінен қолдану .
5. Тұқым қуалайтын өзгергіштікке себеп болатын геномдық , хромосомалық және гендік мутацияларды терең мағынасында зерттеп білу .

2-сұрақ Молекулалық биология және медициналық генетиканың дамуы мен жетістіктерінің негізгі кезеңдері.
Молекулалық биология ғылымының дербес ғылым ретінде қалыптасуы 1953 жылдан кейін басталды, себебі осы жылы Ф.Крик және Дж. Уотсон дезоксирибонуклеотид қышкылының (ДНҚ) қос ширатпалы құрылысын анықтап, оның моделін құрастырған.
Соңғы 50-55 жыл ішінде молекулалық биология ғылымы тіршіліктің сырларын зерттеуде көптеген маңызды жетістіктерге кол жеткізді.
XX ғасырдың 40-50 жылдары ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде тұқым куалаушылықтың материалдық негізі нуклеин қышкылдары екендігі белгілі болды.
Молекулалық биологияның дамуына көптеген орыс және қазақ ғалымдары ат салысты, олардың арасынан А.А.Баев, А.Н.Белозерский, А.С.Спирин, В.А.Энгельгард, А.П.Георгиев, Т.Дарханбаев, М.А.Айтхожин, Х.Жуматов т.б. есімдерін атауға болады.
Молекулалық-генетикалық зерттеулердің модельді нысаналары
Молекулалық-генетикалық зерттеулердің модельді нысаналары - моделдік организмдер –тірі табиғаттың қандай да болмасын қасиеттерін, үдерістерін немесе құбылыстарын зерттеу үшін үлгі ретінде қолданылатын организмдер. Моделдік организмдер қарқынды зерттелуде, мұның себептерінің бірі оларды зерттеу кезінде ашылған заңдылықтардың азды-көпті ұқсас организмдерге, соның ішінде, адамға да тән болу мүмкіндігі. Жиі моделдік организмдер техникалық немесе этикалық себептерге байланысты адамға сәйкес зерттеу жүргізу мүмкін болмаған жағдайларда қолданылады. Моделдік организмдерді қолдану барлық тірі органимздердің шығу тегінің бір екендігіне және метаболизмде, тұқым қуалау ақпаратын сақтау және тарату механизмдерінде көп ұқсастық болуына негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет