1-сұрақ: Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология



бет30/30
Дата27.09.2023
өлшемі2,67 Mb.
#111029
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Мб Мг 1 рубежка (1)

Геликаза - полимеразалық кешеннің ең алғашқы іске кірісетін ферменті. Ол аналық ДНҚ молекуласының қос ширатпасының ашылып, жіпшелердің бір-бірінен ажырасуын қамтамасыз етеді.

  • Топоизомераза - түйіндер алдындағы ДНҚ тізбектерінің біреуін үзеді де, оның бір ұшынан өзіне бекіндіреді, ал екінші ұшы шыр айналып түйіннің кері ширатылуына алып келеді. Содан кейін тізбек үзіндісі қайта жалғанады.

  • SSB-ақуыз - ажырасқан әрбір тізбекпен ерекше SSB-ақуыздар байланысады, олардың қызметі бір-бірінен ажырасқан жіпшелерді керіп, күні бұрын жанасып, қос ширатпаның түзілуін болдырмау болып табылады.

  • РНҚ-праймаза - активтенген праймаза бір жіпшелі ДНҚ-ның тиесілі учаскесін матрица (қалып) ретінде пайдаланып қысқа “РНҚ-ұйтқыны” (праймерлерді) синтездейді.

  • Репликациялық көзше” ДНҚ молекуласындағы тек арнайы нуклеотидтер жүйесі орналасқан учасклерде ғана түзіледі. Ұзындығы 300 нуклеотидке шамалас мұндай учаскелер репликация басталатын нүкте немесе “О” сайты (ағылш. origin - басталу) деп аталады.

  • ДНҚ-полимераза - нуклеотидтердің аналық тізбекке комплементарлы синтезделуін қамтамасыз етуімен бірге 3‘ - 5’ – экзонуклеозалық - та қызмет атқарады. Соңғы қызметі ДНҚ синтезі барысында дұрыс комплиментарлы тізбектің орнына, бұрыс комплементарлы емес нуклеотид жалғанған кезде жүзеге асады.

  • ДНҚ-лигаза – бастаушы-РНҚ-ны алып тастағаннан кейін Оказаки фрагменттерін тігеді. Репликация және репарация процестері кезінде ДНҚ-ның түзілген жеке фрагменттерін бір-біріне жалғастырып, тігіп тұтас молекула құрастыратын ферментттер.

  • Теломералар – генетикалық ақпарат болмайтын көптеген арнайы гексонуклеотид (6 нуклеотидтен тұратын) бірізділіктер қайталанып орналасқан хромосоманың ұштары. Теломерлердің негізгі қызметі олардың геномының маңызды (ақпаратты) бөлімін толық репликацияланбаудан қорғап, буферлік қызмет атқарады.

  • Теломераза – жасушаның әр бөлінуі сайын түзілген жас жасушалардағы хромосомалардың теломералық учаскелерінің қысқаруы, ең соңында олардың толық жойылып, бірте-бірте ақпараты бар гендердің толық репликацияланбай қалуына себеп болуы мүмкін. Теломераза репликация аяқталардан бұрын ДНҚ-ның жаңа синтезделген тізбектерінің толық репликацияланбаған 5’-ұштарын қысқалау келген, қайталанатын нуклеотидтер жүйесімен немесе теломералармен жалғап ұзартады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет