1-сұрақ: Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология


Молекулалық биологияның маңызды жетістіктеріне



бет3/30
Дата27.09.2023
өлшемі2,67 Mb.
#111029
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Мб Мг 1 рубежка (1)

Молекулалық биологияның маңызды жетістіктеріне - кейбір ақуыздардың құрылымын анықтау және олардың құрылысы мен қызметінің байланысын тағайындау , нуклеин қышқылдары мен рибосомолардың құрылымы мен биологиялық механизмін анықтау, генетикалық кодты ашу , кері транскрипцияның ашылуы, ақуыз молекуласы мен нуклеин қышқылының синтезініц негізгі кезеңдерінің механизмдерін зерттеу, вирустардың құрылысын және олардың фепликациясының механизмін ашу, генетикалық инженерияның және геннің синтезінің әдістерін ашу, орыс ғалымдары биополимерлердің матрицалық синтезінің принциптерін анықтауы, жоғары сатыдағы өсімдіктерде ДНҚ-ның болатындығын дәлелдеуі, қатерлі ісіктердің пайда болуының вирусогенетикалық теориясы жасалды , траспорттық РНҚ-дағы нуклеотидтердің кезектесуі анықталды.
Молекулалық биологияның қысқаша тарихы және даму этаптары:
1869 жылы – Ф. Мишер алғаш рет лейкоциттер мен лосось тұқымынан ДНҚ бөліп шығарды.
1935 жылы – А.Н. Белозерский өсімдіктерден ДНҚ бөліп алды.
1940 жылы – У. Эстбюр ДНҚ-ның бірінші рентгенограммасын алды.
1944 жылы – О.Т. Эвери генетикалық ақпаратты тасымалдаушы ДНҚ (бұрынғы жорамалдағандағыдай белок емес) екендігін жариялады.
1951 жылы – Л. Полинг және Р. Кюри полипептидтік белок тізбектерінде аминқышқылдық қалдықтардың шоғырлануының негізгі түрлерінің бар екендігін дәлелдеді.
1953 жылы – Дж. Уотсон мен Ф. Крик Р.Франклин мен М.Уилкинс алған рентгенограмма негізінде ДНҚ-ның қос спиральдік үлгісін жасады.
1956 жылы – А. Корнберг ДНҚ-полимеразасын ашты.
1957 жылы – А.Н. Белозерский мен А.С. Спирин мРНҚ-ның бар екендігі туралы жорамалдады.
1960 жылы – Дж. Кедрью кашалот миоглобинінің үшөлшемдік құрылымын, ал М. Перутц– гемоглобин құрылымын алғаш рет хаттады.
1960 жылы – бір мезгілде бірнеше зертханаларда транскрипция ферменті – РНҚ-полимераза ашылды.
1966 жылы – М. Ниренберг, С. Очоа және Х.-Г. Корана генетикалық кодты ашты.
1967 жылы – М. Геллерт ДНҚ фрагменттерін біріктіретін фермент – ДНҚ-лигазаны ашты.
1972 жылы – П. Боэр, С. Коэн және П. Берг ДНҚ клондарын жасау технологиясын жасады, ген инженериясының негізін құрады.
1975-1977 жылдары – Ф. Сангер , сондай-ақ А.Максам мен У. Гилберт ДНҚ бастапқы құрылымын тез анықтау тәсілін ойлап тапты.
1976 жылы – У. Гилберт эукариот гендерінің мозаикалық құрылысын ашты.
1976 жылы – С. Ким, А. Рич және А. Клуг тРНҚ-ның үшіншілік құрылымын анықтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет