1-сұрақ: Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология


-сұрақ: ДНҚ –ның кеңістікте ұйымдасу ерекшеліктері. ДНҚ қасиеті және қызметі



бет9/30
Дата27.09.2023
өлшемі2,67 Mb.
#111029
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
8-сұрақ: ДНҚ –ның кеңістікте ұйымдасу ерекшеліктері. ДНҚ қасиеті және қызметі.
ДНҚ молекуласы қосширатпалы болып келеді (1953 жылы ұсынған Ф. Крик, Д.ж. Уотсон). Оның алғашқы, екінші реттік, үшінші реттік құрылыстары белгілі.
ДНҚ-ның бірінші реттік құрылымы. Нуклеотидтер өзара фосфодиэфирлі байланыс арқылы қосылып, полинуклеотидті тізбек түзеді. Яғни, бір жіпшедегі нуклеотидтер бір-бірімен фосфаттық топ және қанттың гидроксил тобы арқылы байланысқан. ДНҚ-ның полинуклеотидті тізбегінде 5’ және 3’ екі соңы ажыратылады, басы және соңы. Фосфодиэфирлі байланыстың түзілуін ДНҚ-полимераза ферменті қамтамасыз етеді. ДНҚ- полимеразасының көмегңмен полинуклеотидті тізбектің бір шетінде ғана ұзару жүреді (3’). Кез келген полинуклеотидті тізбек басында әрқашан 5’ жағдайындағы фосфатты топ болады. Полинуклеотидті тізбек-ДНҚ-ның бірінші реттік құрылымы.
Екінші реттік құрылымы- бір-бірімен сутектік байланыс арқылы байланысқан және ширатпа түзетін екі антипараллельді, комплементарлы, полинуклеотидтік тізбектер. Ширатпа диаметрі 2 нм, ұзындығы 3,4 нм, әр иілім 10 жұп нуклеотид тұрады. Чаргафф ережесі бойынша комплементапрлық: А-Т, Ц-Г. Сонымен қатар, А-Т арасында 2 сутектік байланыс болса, Г-Ц арасында 3 сутектік байланыс болады, сондықтанда Г-Ц байланысы А-Т байланысына қарағанда әлде қайда мықтылау болып келеді.
Үшінші реттік құрылымы. ДНҚ молекуласының 3 реттік құрылысы ретінде оның ақуыздармен байланысын айтуға болады. Хромосома ақуыздарының 60-80 пайызын-негіздік және гидрофобтық аминқышқылдары көптеп кездесетін гистондық ақуыздар құрайды. Гистондық ақуыздар ДНҚ-мен негіздік радикалдар көмегімен, ал өзара гидрофобтық радикалдар арқылы әрекеттеседі. Хромосомаларда ДНҚ молекуласы гистондық ақуыздармен байланысып нуклеогистон құрайды, ол хроматин жіпшесі ретінде белгілі. Хроматин жіпшесінің тірегін нуклеосома денешіктері құрайды. Гистондардың 5 түрі белгілі: H1.H2a.H2b.H3.H4. Гистонды емес белоктарға құрылымдық белоктар, реттеуші белоктар және фермент молекулалары жатады. ДНҚ молекуласы осындай әр бір денешікті екі рет ширатылып оралады және оның ұзындығы 140 н.ж. тең. Нуклеосома денешіктері бір бірімен тығыз жабысып орналаспай біршама алшақтау орналасқан. Нуклеосома денешіктерінің араларындагы ДНҚ учаскелерін лннкерлік (жалғаушы) учаске деп атайды, ал әрбір лннкерлік учаскемен гистондык акуыздың 5-ші түрі - Н1 байланыскан.
Қызметі:
1. Тұқым қуалау ақпаратын сақтау;
2. Тұқым қуалаушылық ақпаратын ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу;
3. Ақуыз биосинтезі процессінде тұқым қуалау ақпаратын жүзеге асыру.
Қасиеттері:
1. Репарация - ДНҚ молекулаының зақымданулардан кейін өздігінен қайта қалпына келу қасиеті.
2. Репликацияға - ДНҚ молекулаының өздігінен екі еселену қасиеті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет