25-сұрақ: Жасушада РНҚ түрлері. РНҚ қызметі. т-РНҚ кеңістікте ұйымдасу ерекшеліктері құрылысы. РНҚ-да ДНҚ сияқты полимер-сызықты полинуклеотид, ал мономерлері болып рибонуклеотидтер саналады. РНҚ нуклеотидтерінде рибоза, 4 азоттық негіздер-А, Г, Ц, У, бір фосфор қышқылының қалдығы кездеседі. Нуклеотидтер 5` , 3` – фосфодиэфирлік байланыс арқылы байланысқан.
РНҚ – негізгі қызметі ДНҚ-дағы сақталынған ақпаратты көшіру, ақуыз биосинтезін қаматамыз ету.
РНҚ атқаратын қызметі мен құрылысына қарай 3 түрге бөлінеді:
Ақпараттық РНҚ – а РНҚ
Тасымалдаушы РНҚ – т РНҚ
Рибосомалық РНҚ – р РНҚ
Тасымалдаушы РНҚ – ядрода түзіледі. Көлемі бойынша ең кішкентай РНҚ. Қызметі: цитоплазмадағы аминқышқылдарды рибосомаға жеткізеді.
Т-РНҚ-лардың жалпы саны 40-50-ге жуық, яғни әр-бір аминқышқылына 1-ден 5-6 ға дейін Т-РНҚ –лар болады.
Т-РНҚ молекуласы үлкен болмайды, онда жүз шақты нуклеотидтер кездеседі, олардың ішінде минорлық (модификацияланған) нуклеотидтер көптеп кездеседі-13-15 % , олар:
-гидроуридин (гУ)және псевдоуридин (пУ) ; -инозин (И); -метилинозин (мИ), метилгуанозин (мГ) және диметилгуанозин (мГ); -диметилуридин (м 2У).
Бұдан басқа, т-РНҚ молекуласы бірнеше «сақиналар»-«ілмекшелер» пайда етуі нәтижесінде оның конфигурациясы беде өсімдігінің үшқұлақты жапырағына ұқсас болады. Бұл құрылымда 4-қостізбекті және 5 дара тізбекті учаскелер кездеседі.
Минорлық нуклеотидтер комплиментарлық байланысуға қабілетсіз болғандықтан, олар тек біртізбекті локустарда ғана кездеседі.
Т-РНҚ-лардың келесі ерекшелігі – 3` ұшында 4 нуклеотидтен тұратын акцепторлық бұтақшасының болуы. Оның ең соңғы нуклеотиді-аденинмен (А) тиісілі аминқышқылы ковалентті байланысады.
Т-РНҚ-лардың тағы бір маңызды ерекшелігі акцепторлық бұтақшаның қарама-қарсы жағында 7 нуклеотидтен тұратын антикодондық имектің болуы. Олардың үшеуі антикодон қызметін атқарады.
Т-РНҚ-лардың үшінші ретік құрылымы тұрақты болады. Олар ақуыз синтезделінетін кешенге аминқышқылдарды тасымалдап, жеткізіп отырады