1 сұрақ Зат алмасу туралы жалпы түсінік және ондағы ферменттердің рөлі



бет15/52
Дата08.12.2023
өлшемі4,52 Mb.
#135044
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52
Байланысты:
молек био

18 Сұрақ мРНҚ қозғалыс қадамдары.
Нәруыз синтезі кезінде мРНҚ реті санайтын «аппарат» мРНҚ молекуласының бойымен 5* →3*бағытында жылжығанда үш нуклеотидтен тұратын топ күйінде саналады. Әрбір амин қышқылы белгілі бір тРНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің триплетінен тұратын комплементарлы нуклеотидтердің антикодонмен жұптасатын мРНҚ молекуласындағы белгілі бір нуклеотидтердің триплетіне (кодон) сәйкес келеді. Төрт типті үш нуклеотидтің өзара кездесу мүмкіндігі 64 (4х4х4) тең.Бұндай кездесулердің басым бөлігі барлық мРНҚ молекулаларында кездеседі.Алпыс төрт кодонның үшеуі ешқандай амин қышқылын кодтамайды, бұл кодондар полипептид тізбегінің синтезін тоқтатады (терминация), сондықтан оларды стоп-кодон немесе терминациялық кодон деп атайды. Сонда нәруызда кездесетін 20 амин қышқылына 61 кодон келеді.Сондықтан амин қышқылдарының басым бөлігінің бірнеше кодоны болады. Генетикалық код – бұл триплетті код: ДНҚ молекуласындағы үш негіз кез келген ақуыз молекуласындағы белгілі бір аминқышқылын кодтайды.Нәруыз синтезі үшін күрделі катализдікаппарат қажет. Нәруыз синтезінің рибосомадағы кезеңдері рибосоманың ірі комплекстерімен іске асырылады.Рибосома үлкен және кіші суббірліктерден тұратын комплекс.Кіші суббірлік мРНҚ және тРНҚ-мен байланысып оларды ұстап тұрса, үлкені пептидті байланыстың түзілуін катализдейді.Рибосомада біреуі мРНҚ және екеуі тРНҚ байланысатын үш участок болады.
19 сұрақ Эукариоттардағы әр мРНҚ молекуласындағы полипептид тізбегінің түзілуі.
Нәруыз синтезі үшін күрделі катализдікаппарат қажет. Нәруыз синтезінің рибосомадағы кезеңдері рибосоманың ірі комплекстерімен іске асырылады.Рибосома үлкен және кіші суббірліктерден тұратын комплекс.Кіші суббірлік мРНҚ және тРНҚ-мен байланысып оларды ұстап тұрса, үлкені пептидті байланыстың түзілуін катализдейді.Рибосомада біреуі мРНҚ және екеуі тРНҚ байланысатын үш участок болады.Соңғыдағы екі участоктың біреуі өсіп келе жатқан полипептид тізбегімен байланысқан тРНҚны ұстаса (Р-участок), ал екіншісі амин қышқылын тіркеп жаңадан келген тРНҚ молекуласын ұстап тұрады (А-участок), Полипептид тібегінің ұзару процессін үш кезеңнен тұратын цикл ретінде қарастыруға болады.Бірінші кезеңде аминоацил –тРНҚ молекуласы Р–участогімен шектесіп жатқан рибосоманың бос участкісімен байланысады. Р–участкідегі полипептид тізбегі тРНҚ молекуласынан ажырап , А участкідегі тРНҚ молекуласымен байланысқан амин қышқылымен байланыс түзеді. Үшінші кезеңде жаңадан түзілген пептидил– тРНҚ рибосоманың Р– участогіне өтіп рибосомадағы мРНҚ молекуласымен 5* →3* бағытында үш нуклеотидке жылжиды.Үшінші кезеңді құрайтын транслокация Р–участоктегіполипептид тізбегінен бөлініп түскен тРНҚ –ның цитоплазмаға қайта оралуын да қамтидыы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет