1. Статика. Механикалыққозғалыс, күш, күштержүйесі, баламалыкүштержүйелері, теңәсерліжәнетеңгеретінкүштер


Күштің нүктеге қатысты векторлық және алгебралық моменттері



бет5/32
Дата21.10.2023
өлшемі71,71 Kb.
#120245
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
11. Күштің нүктеге қатысты векторлық және алгебралық моменттері.
Мысалы F күшінің О нүктесіне қатысты моменті деп О нүктесінде ОАВ үшбұрышының жазықтығына перпендикуляр түсетін және формуламен анықталатын векторы аталады. Ол формула F модулі мен О нүктесінен күштің әсер ету сызығына дейін ең қысқа қашықтығының, яғни күштің О нүктеге қатысты иінінің көбейтіндісіне тең. Моменті F күшінің О нүктесіне қатысты айналдыру әсерін сипаттайды. Радиус - векторы О нүктесінен тек қана А нүктесіне емес, күшінің әсер ету сызығында жатқан кез келген басқа нүктесіне де жүргізілуі мүмкін. Егер нүкте күштің әсер ету сызығында жатса, онда күштің нүктеге қатысты моменті нөлге тең болады , яғни иіні нөлге тең . Күштер жүйесі үшін барлық күштердің О нүктесіне қатысты векторлық моменттерінің қосындысына тең вектор күштер жүйесінің О нүктесіне қатысты бас моменті деп аталады. Жазық күштер жүйесі үшін күштің нүктеге қатысты векторлық моментінің орнына күштің нүктеге қатысты алгебралық моментін қолданған ыңғайлы, өйткені бұл жағдайда барлық күштердің векторлық моменттері бір-біріне параллель болады. Күштің нүктеге қатысты алгебралық моменті деп күш модулінің күш иініне көбейтіндісі аталады.
Күш денені сағат тілінің қозғалысына қарсы бағытта айналдыруға тырысса алгебралық момент оң таңбамен, ал сағат тілінің қозғалысымен бағыттас айналдыруға тырысса теріс таңбамен алынады. F күшінің өске қатысты моменті деп оның өсте жатқан кез келген нүктеге қатысты векторлық моментінің сол өске проекциясы аталады.


12. Күштің өске қатысты моменті. Күштің координаттар өстеріне қатысты моменттері.
Күштің өске қатысты моментін санау үшін оның басқа анықтамасын қолдануға болады: күштің өске қатысты моменті деп осы күштің өске перпендикуляр жазықтыққа проекциясынан өстің жазықтықпен қиылысу нүктесіне қатысты алынған алгебралық моментті айтады.
Күштің өске қатысты моментін анықтау үшін күшті өске перпенди- куляр жазықтыққа проекциялап, оң немесе теріс таңбамен алынған проекция модулін оның өстің жазықтықпен қиылысу нүктесіне қатысты иініне көбейту керек.
Күштің координаталар өстеріне қатысты моменттерінің формулалары. Егер кеңістіктегі күш координата өстеріндегіFx, Fy, Fz проекцияларымен берілген болса және күштің түсу нүктесініңкоординаттары белгілі болса, күштің өске қатысты моменті мен күштің осы өстегі нүктеге қатысты момент векторы арасындағы байланысты пайдаланып, күштің координаталар x, y, z өстеріне қатысты моменттерін есептейтін формулаларды алуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет