1. Статика. Механикалыққозғалыс, күш, күштержүйесі, баламалыкүштержүйелері, теңәсерліжәнетеңгеретінкүштер


Күшті параллель көшіру туралы теорема (лемма)



бет7/32
Дата21.10.2023
өлшемі71,71 Kb.
#120245
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
15.Күшті параллель көшіру туралы теорема (лемма).

Дененің яғни қатты дененің бір нүктесіне түскен күшті өзіне параллель етіп басқа нүктеге көшіруге болады. Қатты дененің А нүктесінде берілген күш дененің басқа бір В нүктесіне түсірілген өзіндей күшке және бір қос күшке эквивалент болып табылады. Бұл қос күштің моменті А нүктесіндегі күштің В центріне қатысты алынған моментіне тең болады. Күштің денеге әсері өзгермеу үшін көшірілген күшке моменті берілген күштің жаңа нүктеге қатысты моментіне тең қос күш қосу керек. Оны дәлелдеу үшін қатты денеге оның А нүктесіне түскен күші әсер етті деп алатын болсақ. Дененің кез-келген В нүктесіне түсірілген бірінші күш тең екінші күшке, ал екінші күш минус күшке тең болатын, бірінші күш және екінші күшке теңестірілген күштерді түсіріп аламыз. Осылайша алынған үш күштің жүйесі В нүктесіне түскен бірінші күшпен жай күш мен моменті болатын қос күшті береді. Екі күштен тұрған жүйені берілген күшке қосып жаңа күштер алып аламыз. Содан соң соңғы екі теңдіктің сол жақтарын бір біріне теңестіреміз. Сонымен дәлелдеу аяқталады.




16.Күштер жүйесін берілген центрге келтіру туралы статиканың негізгі (Пуансо) теоремасы.
Күштер жүйесіндегі күштердің қосындысын күштер жүйесінің бас векторы деп атаймыз. Бас векторды формула арқылы есептеп аламыз.
Жүйедегі күштердің қандайда бір нүктеге келтіру центрне қатысты момент қосындысын сол нүктеге қатысты (полюске келтіру центріне) күштер моменттерінің қосындысын бас момент деп атайды
Пуансо теоремасы: Жалпы жағдайда айта кететін болсақ, кез-келген кеңістіктегі күштер жүйесі оған эквивалент бір күш және бір қос күштен тұратын жүйемен алмастыруға болады,сондағы күш жүйедегі күштер бас вектор, ал қос күш сол жүйедегі күштердің бас моменті болады.
Дәлелдеуі: Параллель тасымалдау туралы лемманы қолдана отырып Пуансо теоремасын дәлелдей аламыз.
Статиканың негізгі теоремасы берілген күштер жүйесін басқа бір қарапайым жүйемен эквивалент алмастыру заңын тағайындайды, сондағы қарапайым жүйе бір күш және бір қос күштен тұрады, яғни статиканың негізгі теоремасы күшті параллель тасымалдау туралы лемманың жалпы жағдайы болып табылады.
F0 – жүйедегі күштердің бас векторы параллель тасымалданғанда пайда болатын жүйе бас вектор және бас моменттен тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет