1. Статика. Механикалыққозғалыс, күш, күштержүйесі, баламалыкүштержүйелері, теңәсерліжәнетеңгеретінкүштер


Сығылған сырықтардың орнықтылығы. Дағдарыс күші үшін Эйлердің формуласы



бет30/32
Дата21.10.2023
өлшемі71,71 Kb.
#120245
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
72. Сығылған сырықтардың орнықтылығы. Дағдарыс күші үшін Эйлердің формуласы.

  • Кез келген жүйенің, сыртқы күштер әсер еткенде, өзінің бұрынғы күйін сақтап қалу қасиетін, жалпылама айтқанда, орнықтылық дейміз. Cығылып тұрған сырықтың орнықтылығын зерттегенде, оның осі түп-түзу, материалы біртекті, сыртқы күш сырықтың қимасының дәл центріне түскен деп қабылданады.

  • Енді сыртқы күштің шамасы нөлден бастап, біртіндеп өссін дейік. Күш осылай өсе-өсе бір шамағажеткенде, сырықтың күйі дағдарысқа ұшырайды. Күштің одан әрі сәл өсуі, сырықтың орнықтылығын жоғалтуына әкеп соғады, демек, бұл кезде сырық орнықтылық пен орнықсыздықтың шекарасында тұрады. Міне осы күш - дағдарыс күші деп аталады, яғни жүйенің орнықтылығын жоғалтатын ең аз күшті дағдарыс күші дейміз.

  • 73. Сырықтың әртүрлі бекітілу жағдайларының дағдарыс күшіне әсері. Дағдарыс күші үшін Эйлер формуласының қолдану шектері. Ясинский формуласы. Өзгермейтін жүктеме нобайында, жүктеменің қарқындылығының өсу үрдісінде жүйенің бір тепе-теңдік күйден басқа тепе-теңдік жағдайға ауысу құбылысы жүйенің тұрақтылығын жоғалтуы деп аталады. Тұрақтылығын жоғалтқан жағдайдағы сыртқы күштердің мағаналарын дағдарыс күші деп атайды. Кейбір жүйенің тұрақтылығын жоғалтқан жағдайлар кезінде жаңа тұрақты тепе-теңдік күйге өткенде өзінің функциясын орындау мүмкіндігі жалғасады. Бірақ басым көпшілік жағдайда жүйенің тұрақтылығын жоғалтуы үлкен орын ауыстыруды, пластикалық түр өзгеруді көрінуімен немесе оның толық қирауын тудырады. Сондықтан жүйенің бастапқы (есептеу) тепетеңдік жағдайын сақтауы маңызды есеп болып келеді және материалдар кедергісінің негізгі проблемаларының біреу болып есептелінеді. Тұрақтылық теориясының негізгі есебі сыртқы күштердің дағдарыс мағынасы анықтап және берілген жүйелердің эксплуатациялық тәртіптерінде тұрақтылығын жоғалту мүмкіншілігін болдырмау үшін олардың мөлшерлеріне шек қою. Бекітілген тік сырықтың төменгі жағы қатаң бекітілген, ал бос жоғарғы жағының ауырлық ортасына Р бойлық күші тіркелген (7.1 - сурет). Күштің бастапқы әсер етуі кезінде жүйенің тепетеңдік күйі, қарапайым бойлық сығылу түрінде анықталады, себебі дәл осы кезеңдегі күштің әсер етуі жағдайында сырықтың көлденең қималарында бойлық күш туындап, қалғаны күш беретін факторлар нөлге тең болады. Сыртқы Р күшінің онан арғы өсу шегі кезінде оның P = Pдағ мағынасында сырықта иілу пайда болатыны байқалады. Иілу құбылысында, сырықтың көлденең қимасында июші моменентінің әрекеті болатыны белгілі, демек, мағынасының P = Pдағ тең кезінде тепе-теңдік жағдайының ауысу түрі болды деп нақты айта аламыз. Егер күштің бастапқы P < Pдағ әсер ету кезеңінде, тік сырықтың тепетеңдік күйі қарапайым сығылу арқылы нықталса, ал P > Pдағ кезеңінде сығылу иілумен қосылады. P = Pдағ кезінде жүйенің тұрақтылығының жоғалтуы болды дегенді білдіреді. Бұл жағдайдан байқайтынымыз, тепе-теңдік күйінің түрінің ауысуы, түр өзгеру түрлерінің ауысуымен жалғасады: дағдарысқа дейін - түзу сызықты түр өзгеру түрі, дағдарыстан кейін - қисық сызықты, ал дағдарыс жағдайында - араласқан түрі. Сонымен қатар байқайтынымыз, иілгіш сырықтардың тұрақтылығын жоғалтуы кернеулерінің шамасы материалдардың беріктік шегінің мәнінен өте аз кезінде болуы мүмкін. Сондықтан сырықтарды есептеу, сығу кернеуі тұрақтылығын жоғалтпау есебінде дағдарыс кернеуінің шамасынан аспауы керек мұнда, Pдағ – сырықтың түзу сызықты тепетеңдік күйінен қисық сызықты жағдайына ауысқандағы кезіндегі сығылушы күштің мағынасы; F сырықтың қимасының ауданы




  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет