Тірі организмдегі липидтер. Липидтердің қызметі. Липидтерді классқа бөлу. Майлар. Майларды алу. Майлардың химиялық құрамы. Май қышқылдары. Қаныққан, қанықпаған, тармақталған, оксимай және циклді май қышқылдары.
Липидтер дегеніміз-табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ органикалық
еріткіштерде ериді. Белоктармен, углеводтармен қатар липидтер де мал, адам және
өсімдіктердің
барлық ұлпалары клеткаларының құрамына кіреді.
Липидтерді класқа бөлу. Хмиялық құрамы мен құрылымы бойынша липидтер екі класқа
бөлінеді. 1/. Майлар немесе бейтарап майлар-қарапайым липидтер, мұндай липидтерге
триглицеридтер /триацилглицериндер/ жатады. 2/. Май тәріздес заттар немесе липойдтар-
күрделі
липидтер. Мұндай липидтерге фосфолипидтер, балауыздар, сфинголипидтер, және стеролдар
мен
стеридтер жатады.
Май дегеніміз триглицеридтердің қоспасы. Триглицерид-үш атомды спирт глицерин мен
май қышқылының үш молекуласынан құралған күрделі эфир.
Гидролиздеген кезде май глицеринге және май қышқылдарына ыдырайды. Май
қышқылдары дегеніміз-карбон қыщқылдары. Оның құрамында көміртегі атомдарының
ұзын
тізбегі бар. Бұл қышқылдарға жалпы қабылданған /тривиалдық/ немесе системалық атаулары
қалыптасқан.
Қаныққан май қышқылдарының молекула құрамында көміртегінің 4-24 атомдары болады
және олар түзу тізбекке орналасады.
Қанықпаған май қышқылдары молекуласында бір, екі, үш және одан да көп қос
байланыстары болады.
Тармақталған тізбекті май қышқылдары. Олар тармақталған көміртегі атомдарының тізбегі
бар амин қышқылдары радикалдарынан құралады.
Оксимай қышқылдары. Бұлар майда сирек кездеседі, әдетте олар құрамында көміртегі
атомдарының ұзын тізбегі бар. Мысалы цереброн қышқылы
Циклды май қышқылдары кйбір өсімдік майларында табылған.
Май қышқылдарының қасиеттері оның құрамындағы көміртегі атомдарының тізбегінің
ұзындығына және қанықпау дәрежесіне байланысты. Қанықпаған қышқылдарда қос байланыс
санының артуына байланысты балқу температурасы төмендейді.
Май қышқылдарының химиялық қасиеттері . Барлық арбон қышқылдары сияқты май
қышқылдары өздеріне тән химиялық реакцияларға қатысады- күрделі эфирлер, тұздар,
амидтер және басқа да түзеді.
Май- қуаты мол энергетикалық материал. 1 г май толық тотыққан кезде бөлініп шығатын
энергия мөлшері 9,1 ккал. Ал 1 г углевод және 1 г белоктан 4,1 ккал энергия шығады.
Майлардың химиялық және физикалық қасиеттері құрамындағы қышқылдарына байланысты.
Мал майы 40-60 пайыз қаныққан май қышқылдарынан , 30-35 пайыз моноқанықпаған май
қышқылдарынан тұрады. Мал майында полиқанықпаған май қышқылдары аз. Сондықтан мал
майы үй температурасында қатып қалады. Жылқы майы мен қаз майында полиқанықпаған май
қышқылдары көп, сондықтан да олардың майы қатпайды.
Өсімдік майында қаныққан май қышқыдары аз 20-10 пайыз, қанықпаған май қышқылдары көп
80-90 пайыз.