1-тақырып. Биологиялық химияға кіріспе. Биологиялық химияның даму кезеңдері. Биологиялық химияның қол жеткізген табыстары



Pdf көрінісі
бет25/28
Дата15.04.2023
өлшемі404,08 Kb.
#82742
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
лекция биохимия 2022

қышқылдарының химиялық құрамы 
Алғашқы тіршілік нысандары бұдан 302 млрд жыл бұрын пайда болған. Ұзаққа созылған 
эволюция нәтежиесінде табиғи сұрыпталу жолымен қазіргі тіршілік иелері- жануарлар, адам, 
өсімдіктер, микроорганизмдер дүниеге келеді.
Тірі организмде жоғары молекулалы 3 қосылыс бар. Олар нуклеин қышқылдары, белоктар және 
полисахаридтер. Осы жақын уақытқа дейін ондай қосылыстардың түзілуі және атқаратын қызметі 
айқын болмай келді. Қазіргі кезде аталған биологиялық жоғары молекулалардың әрқайсысының 
атқаратын қызметі дәл анықталып, тұқым қуалайтын қасиеттің негізі, тірі организмнің барлық 
ерекшелігінің қайталап жарыққа шығарушы – нуклеин қышқылдары. 
Сөйтіп, нуклеин қышқылдары дегеніміз- тұқым қуалайтын (генетикалық) зат. Енді тіршіліктің 
осы бірнегізгі молекуласыныа анықтама берейік және оның химиялық табиғаты мен қасиеттерін 
қарастырайық. 
Нуклеин қышқылдарының химиялық құрамы. Нуклеин қышқылдары дегіміз нуклеотид 
қалдықтарынан тұратын жоғары молекулалы органикалықө қышқылдар. Нуклеотидтер пуриндік 
немесе пиримидиндік негізден, пентоза углеводынан және фосфат қышқылынан құралады. 
Нуклеин қышқылының құрамына кіретін пурин негіздерінің ішінде әсіресе аденин мен гуанин; 
пиримидин негіздерінің ішіндегі әсіресе маңыздысы – урацил, тимин және цитозин. 
Азотты негіздер, пентоза және фосфор қышқылы үшеуі өзара қосылысып, мононуклеотид 
молекуласын түзеді. Олардың өзара жалғасып қосылу реті әрқашан тұрақты. Төменде екі 
мононуклеотидтердің құрылым формуласы берілген. Оның біреуінің құрамында пуриндік негіз, 
екіншісінің құрамында пиримидиндік негіз бар.
Гуанин, цитозин және тимин де дәл осындай мононуклеотидтер түзеді. Осындай 
мононуклеотидтер тиісінше гуанин қышқылы, цитидил қышқылы және тимидин қышқылы деп 
аталады. 
Құрамында рибоза бар нуклеотидтерді рибонуклеотидтер деп, ал құрамында дезоксирибоза 
барын- дезоксирибонуклеотидтер деп атайды. 
Мыңдаған мононуклеотидтер полимерленеді де, нуклеин қышқылының макромолекуласын 
түзеді, оларды полинуклеотидтер дейді. 
Нуклеотидтер құрамына кіретін қанттың табиғатына сәйкес нуклеин қышқылдарының химиялық 
және биологиялық қасиеттері жөнінде бірінен – бірінің үлкен айырмашылығы болады. 
Дезоксирибонуклеотидтерден тұратын нуклеин қышқылдарын дезоксирибонуклеин қышқылы 
деп, егер ондай қышқыл рибонуклеотидтерден құралса, онда рибонуклеин қышқылы деп аталады. 
Бұл қышқылдар организмде қандай қызмет атқарады? 
Тәжірбиелік зерттеулердің дәлдігін баяндамай- ақ , көптеген бірегей тәжірбиелер нәтежиесінде 
организмде генетикалық белгілердің сақталуы және бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілуі тікелей 
ДНҚ молекуласы арқылы іске асатыны дәлелденген. Бұл арада ДНҚ тікелей әрекет жасамайды. 
РНҚ молекуласы тұқым қуалайтын белгілерді ұрпақтан ұрапққа беруге көмектеседі және ДНҚ 
құрамына салынған генетикалық мәліметтерді жүзеге асыруға қатысады. 


28-Тақырып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет