Майда еритін витаминдер. А.Д.Е.К витаминдері. Химиялық құрылымы және қасиеттері. Биологиялық қызметі. Табиғатта таралуы. Майда еритін витаминдерге А,Д,Е,К витаминдері жатады. А витамині (ретинол,
антисерофталмалық витамин). А витаминін 1937 жылы Каррер синтезделіп алды және оның
құрылымын анықтады. А витамині дегеніміз- молекуласында В ионды сақинасы бар,
полиқанықпаған бастапқы спирт.
Адамның және жануарлардың организмінде А витамині бірнеше қызмет атқарады: тері
қабатында және тыныс жолдарында және ас қорыту жолында эпителий клеткаларының өсуіне
және олардың жіктеліп бөлінуіне қатысады. А витаминінің альдегид туындысы опсин
белогымен бірігіп, қорғаныш белоктармен лизоцим ферментінің түзілуіне қатысады.
Д витамині (калбциферол, антирхит витамині). Рахит сырқатына ұшыраған балаларды кварц
лампасының сәулесімен қыздырса , емдік әсер ететінін 1919 жылы Гульдчинский анықтаған.
Бұдан кейінірек ультракүлгін сәулелермен әсер еткен жағдайда кейбір заттардан, рахитке
қарсы әсерлі зат пайда болатыны жайлы анықталды. Мұндай рахитке қарс фактор Д витамині
немесе кальциферол деп аталады, өйткені ол зат кальцидің алмасуына әсер етті. Таза Д
витамині 1932 жылы (Виндаус) алынды да, оған Д2 витамині (эргокальциферол) деген атау
берілді. Жануарлардың және адм терісінде Д провитамині әсер еткен кезде ол Д3 витаминіне
(холекальциферолға) айналады. Д тобына жататын витаминдер ультракүлгін сәуленің әсеріне
сезімтал келеді. Ұзақ уақыт бойы әсер еткен кезде улы қосылысқа айналыды.
Кальциферолдардың негізі қызметі организмде кальцидің алмасуын реттеу болып табылады.
Д витамині өзінен – өзі биологиялық активті емес, реттегіш қызметі олардың гидроксилденген
туындыларына байланысты, ондай туындылардың полярлық сипаты да бар.
Е витамині (токоферолдар, антистерил немесе өсіп- өну витамині). 1922 жылы Эванс пен
Бишоп мынадай жағдайды байқаған. Егеуқұйрықтарға сол кезде белгілі болған витаминдерді
қосып қоректендірген кезде олар ұрпақ бере алмаған. Ал олардың қорегіне көк азық қосып
берген кезде өсіп- өну қабілеті қалпына келген. Сонымен өсіп- өнуге әсер ететін фактор
токоферол (гректің ұрпақ, әкелу, беру деген сөзінен шыққан) деп аталған , кейінірек ол Е
витамині деп аталады.
Е витамині 1937 жылы Каррердің лабароториясында синтездеп алынған болатын. Бұл
витаминнің химиялық құрылым негізінде токол спиртіне жалғасқан көміртегі атомының ұзын
тізбегі жатады, ол тізбек қаныққан изопрен қалдықтарынан тұрады.
Е витаминінің құрылымына жақындау 4 түрлі зат алынады. Олар токоферолдар- сарығыштау
келген май.
Токоферолдардың негізгі қызметі мынадай: олар қанықпаған липидтерді асқын тотыққа
айналудан қорғайтын ең жақсы антиоксиданттар болып табылады.Сол сияқты олар липидтік
мембраналарды бос радикалдардан қорғайды.
К витамині (филлохинондар, антигеморрагиялық витамин). 1929 жылы (Г.Дам) синтездік
жолмен алынған жем берілген тауықтың қан ұюы нашарлауы және терісінің астына қан
құйылу құбылысы байқалған. Мұндай аурудың тауық организмінде белгілі бір заттың
жетіспеуінен екені аян еді. Ол зат К витамині болатын. К витаминін 1939 жылы Каррер
жоңышқадан бөліп алады. Ол К1 витамині немесе филлохинон деп аталады. Сол жылы балық-
сүйек ұнынан тағы бір витамин алынады да, ол К2 витамині немесе менахинон деп аталады.