1-тақырып. Биологиялық химияға кіріспе. Биологиялық химияның даму кезеңдері. Биологиялық химияның қол жеткізген табыстары


Дезоксирибонуклеин қышқылы. Жалпы мәлімет. Химиялық құрамы. Молекулалық



Pdf көрінісі
бет26/28
Дата15.04.2023
өлшемі404,08 Kb.
#82742
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Дезоксирибонуклеин қышқылы. Жалпы мәлімет. Химиялық құрамы. Молекулалық 
массасы. ДНҚ молекуласының құрылымы. ДНҚ биосинтезі мен репликациясы. 
 
Әр клетканың екі бөліктен- цитоплазма мен ядродан тұратыны белгілі. Клетка ядросының 
ішінде ұзын да жіп- жіңішке, тыныштық күйде әрең- әрең көрінетін заттар- хроматин 
жіпшелері кішкентай таяқшаларға – хромасомаларға айналады. Хромасомалырдың саны, 
пішіні және мөлшері организмнің әр түрі үшін тұрақты. 
Хромосома- ДНҚ мен белоктан құралған күрделі жүйе, хромосома белоктары гистондар және 
гистон емес қышқыл белок болып келеді. Бұл белоктар хромосома құрылымын қалыпта ұстап 
тұру үшін қажет. Хромосомаларда дәлірек айтқанда, ДНҚ құрамында гендер бар. Гендер 
организмнің өзіне ғана тән қуалайтын белгілерін анықтайды. Еркектің сперматозоиды 
клеткасы мен ұрғашының аналық клеткасы қосылып ұрықтанған клеткада ата мен анадан 
келген ген саны бірдей және жаңа организмнің одан әрі дамып- жетілуі осы генге байланысты. 
Химиялық құрамы. ДНҚ құрамына азоттық негіздер аденин, гуанин, цитозин, тимин кіреді. 
Бұлардан өзге ДНҚ құрамында шағын мөлшерде 5- метилцитозин және т.б. минорлық негіздер 
бар. Азоттық нгеіздер, дезоксирибоза және фосфор қышқылы үшеуі 4 дезоксирибонуклеотид 
түзеді, бұлар ДНҚ-ның мономері тізбегі болып табылады. 
Осы арада «жануарлардағы және өсімдіктердегі ДНҚ құрамы бірдей ме?» деген заңды сұрақ 
туады. 
Э.Чаргафтың тыңғылықты негізде жүргізген зерттеулері мынаны көрсетті. Жануарлар мен 
микроорганизмдердің әр түрінің ДНҚ құрамындағы пурин негіздері мен пиримидин 
негіздерінің саны әр түрлі екен. Бұл жағдай ДНҚ құрамының әр түрдің өзіне тән ерекшелігі 
болатынын көрсетті. Әртүрлі организмдердегі органдар мен ұлпалардағы ДНҚ-ның химиялық 
құрамын зерттеу кезінде мынадай маңызды жағдайды анықтады: барлық ДНҚ молекуласында 
аденин молінің саны тимин молінің санына тең де, цитозин мөлшері гуанин мөлшеріне тең. 
Э Чаргафф жүргізген тамаша зерттеулер ДНҚ молекуласы құрылымының ғылыми теориясын 
жасауға негіз болды. ДНҚ құрамындағы азоттық негіздердің молі тең екендігін Э.Чаргаффтан 
кейін іле- шала совет ғалымы академик А.С. Спириннің зерттеулері толық дәлелденді. 
Молекулалық массасы. Бактериялар, фагтар және вирустардың ДНҚ-ның м.м 10/6-10/9 
дальтон аралығында Жануарлар мен жоғары сатыдағы өсімдіктер ядросындағы ДНҚ м.м 
анағұрлым көп, 10/10-10/11. Клеткадағы ДНҚ саны үнемі тұрақты, сүтқоректі жануарлар 
клеткасындағы ДНҚ массасы 6 пг. 
ДНҚ құрамына 6 түрлі зат қана кіргенімен оның молекулалық құрылымы өте күрделі. Бір 
нуклеотидтің дезоксирибозасы және екінші нуклеотидтің фосфаты көмегімен нуклеотидтер 
өзара байланысып жалғасады да , ұзын полинуклеотидтік тізбек түзеді. Осындай тізбектегі 
нуклеотидтердің орналасу тәртібінДНҚ-ның бірінші реттік құрылымы деп атайды. 
Нуклеотидтер арасында фосфодиэфирлік байланыстар түзілуге 3 және 5 жағдайдағы пентоза 
қалдығының гидроксил топтары қатысады. 
ДНҚ молекуласының екі еселеніп өсуі Репликация деп аталады. ДНҚ молекуласының осылай 
репликациялану механизмі арқасында бір организмнің барлық клеткасының генетикалық 
мазмұны өзгерісіз сақталады және гендер де біршама тұрақты.
ДНҚ молекуласының жаңа тізбегінде нуклеотидтер арасындағы байланысты ДНҚ- 
полимераза катализдейді. Екінші фермент ДНҚ- лигаза ДНҚ фрагментінің біртұтас тізбек етіп 
байланыстырады. 
ДНҚ репликациясының мұндай процессі жартылай консервативтік процесс деп аталады, 
өйткені жаңа түзілген ДНҚ молекуласында бір тізбек ескі болады да, екінші тізбек ғана 
жаңадан синтезделеді. 


29-Тақырып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет