Витаминдер. Витаминдер – ауыстырылмайтын тіршілік факторлары. Витаминдер туралы жалпы түсінік. Витаминдердің атауы және классификциясы. Витаминдер дегеніміз- азық түлік өнімдерінде , жем шөпте шағын мөлшерде ғана кездеседі, ал
адам мен жануар организмінде бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулалы
органикалық заттар. Н.И.Луниннің ғылыми жұмысына дейін қорек үшін 5 түрлі ғана зат-
белок, май, углеводтар, минералды тұздар және су қажет деген пікір қалыптасқан еді.. Ал
тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай ақ ұзақ уақытқа созылған саяхат кезінде
адамдарда ұшырасатын бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен
болатыны белгілі болды. Мысалы Европа мен Индия арасында теңіз жолын алғаш ашқан
Васко да Гама экцпедициясына бастапқы қатысқан адам саны 160 шамасындай болатын. Екі
жылға созылған саяхаттан кейін солардың 55 адамы ғана қайтып оралады. Жүзден астам
теңізші жолда құрқұлақ (діңгене) ауыруынан мерт болған.
Неміс ғалымы Штепп нан мен сүтті пайдаланып осыған ұқсас тәжірбие жүргізді. Ол ғалым
нан мен сүтке спиртпен және эфирмен әсер ету арқылы ерітіндіге шықпаған қалдықтармен
тышқандарды азықтандырады. Мұндай азықтандыру кезінде тіршілігі үшін қажетті заттар бар
екенін көрсетті.
Қазіргі кезде витаминдік қасиеті бар отыздан астам зат белгілі. Олардың едәуір бөлігінің
құрамында амин тобы да, азот та болмайды. Осыған қарамастан мұндай ауыстырылмайтын
тіршілік факторлары үшін «витамин» деген тарихи термин сақталып қалды.
Витаминдерді негізінен өсімдіктер, бірқатарын микрооргнизмдер түзеді. Адамның және
жануарлардың организмінде бірнеше витамин ғана түзіледі. Олардың кейбіреуі өте шағын
мөлшерде түзіледі де, организм қажетін өтей алмайды.
Адамның және жануарлардың организмінде өсімдік тектес азықтарда витаминдердің
алғышарты сияқты қосылыстар болады. Олар провитаминдер (каротиндер, стеролдар) деп
аталады. Мұндай провитаминдер тиісті активті қалыпқа түскеннен кейін сәйкес витаминдерге
айналады.
Азық түлікте , жем шөпте ұзақ уақыт бойы витамин болмаса немесе витаминді сіңіру қабілеті
бұзылса ауру пайда болады. Ондай ауруды авитаминоз деп атайды.
Витаминнің жетіспеуі жиі кездеседі. Мұндай кезде сырқат белгі береді. Бұл жағдайды
гиповитаминоз деп атайды.
Химиялық табиғаты әлі анықталмаған алғаш алынған витаминдер латын алфабитінің бас
әріпімен белгіленген болатын. Ол жағдай қазір де әдебиеттерде кең көлемде қолданылап
келеді. Мысалы, А витамині, В витамині, С витамині, т.б. Кеінірек химиялық құрамдары және
биологиялық әсерлері ұқсас витаминдер тобы бар екені анықталды. Ондайларға цифр индекс
берілді.
Қазіргі кезде барлық витаминдердің химиялық құрамы анықталды және олардың бәрі
синтездік жолмен алынды. Таза және қолданбалы химиялық табиғатына сүйеніп, оларға атау
беруді ұсынды. Ондай атаулар витаминдердің молекулалық құрылымын және биологиялық
қасиеттерін көрсете алады. Мысалы А витамині – ретинол деп аталады. Д витамині-
калбциферол деп аталады. В1 витамині- тиамин деп аталады, оның құрамында күкірт және аин
тобы бар екенін білдіреді.
Сол сияқты витаминдерді ол жетіспеген кезде ұшырайтын аурудың атымен атау қабылданған.
Ол кезде «анти» деген қосымша жалғанады. Бұл қосымша сөз болып отырған витаминге
сәйкес авитаминоз ауруының алдын алады және одан сақтандырып жазады деген мағынаны
білдіреді. Д витамині антирахит витамині, С витамині антицингот (құрқұлаққа қарсы) витамин
деп аталады.
Барлық витаминдер өздерінің физикалық- химиялық қасиеттеріне қарай 2 класқа бөлінеді.
Олар: 1) майларда еритін витаминдер; 2) суда еритін витаминдер