Белоктардың классификациясы. Қарапайым белоктар. Күрделі белоктар. Химиялық құрамына қарай белоктар: қарапайым және күрделі белоктар болып бөлінеді.
Қарапайым белоктар гидролиздеу кезінде тек амин қышқылдарына ғана ажырайды. Төменде
қарапайым белоктардың өкілдері көрсетілген.
1.Альбуминдер- бейтарап тұздармен «аммоний сульфатымен) толық қанықтырған кезде шөгеді.
2.Глобулиндер-бейтарап тұздармен жартылай қанықтырған кезде тұнбаға шөгеді.
3.Гистондар- организмнің тканьдік белоктары
4.Протаминдер-ең шағын молекулалы белоктар м.м.
5.Проламиндер- өсімдіктер белогы, әсіресе бұршақ тұқымдас өсімдіктер дәнінің жабысқақ
ұлпасында болады.
6.Глутилиндер де өсімдік белоктарына жатады, сілтінің сұйық ерітіндісінде ериді, астық
дақылдары дәнінде болады, оның құрамы глутамин қышқылына және лизинге бай келеді.
7.Протеиноидтар (склеропротеиндер)- белок тәріздес заттар. Бұларға тірек ұлпасының фибрилл
белоктары жатады. Протеиноидтар тобының белок өкілдері мына төменде берілгендер.
Коллаген- бұл белок жалғастырып тұратын тканьдердің негізін құрайды.
Эластин- жалғастырып тұратын тканьінің иілмелі созылмалы белогы.
Кератин- шаш, жүн, тырнақ, тұяқ және қауырсындардың құрамына кіретін белоктар тобы.
Фиброин- табиғи жібек талшықтарының негізін құрайтын белок.
Күрделі белоктар.
Құрамында белоктықбөлігі және белоксіз бөлігі бар қосылысты күрделі белоктар (протеиндер), ал
мұндағы белоксіз бөлікті простетикалық топ деп атайды. Ол топ белоктың биологиялық
қызметінде маңызды роль атқарады. Простетикалық топтың химиялық табиғатына байланысты
күрделі белоктар бірнешеге бөлінеді.
1.Нуклеопротеидтер- нуклеин қышқылы бар белоктар комплексі.
2.Фосфопротеидтердегі простетикалық топ- фосфор қышқылының қалдықтары.
3.Гликопротеидтер- құрамында қантар (манноза, галактоза, гексозаминдер, сиал қышқылы) бар
күрделі белоктар.
4.Липопротеидтер- белоктар мен липидтерден тұратын комплекс.
5. Хромопротеидтер- боялған күрделі белоктар.
Гемоглобин глобин белогынан және простетикалық топ гемнен тұрады. Адам ішіндегі нәрестенің
гемоглобині феталь деп аталады. Мұның құрамында екі α- суббөлік бар. Бұлардың әрқайсысында
146 амин қышқылының қалдығы бар.
Жануарлар түрлері гемоглобинінің айырмасы амин қышқылдары құрамына байланысты және
осыған орай олардың электрофорездік қозғалтқыштығы да әртүрлі.
Гемоглобиндер қан эротроциттерінің құрамына кіреді. Бір эротроцитте 400 млн шамасына дейін
гемоглобин молекулалары болады. Гемоглобиннің әр молекуласы оттегінің төрт молекуласымен
байланыса алады.
Гемоглобин құрамында оттегі гемлегі екі валентті темірге қосылады, бұл процесті оксигенация
деп атайды. Оттегімен байланысқан гемоглобинді оксигемоглобин, байланыспаған бос
гемоглобинді дезоксигемоглобин деп атайды.