5-тақырып.
Амин қышқылдарының физикалық, қышқылдық-негіздік, химиялық қасиеттері
Амин қышқылдарының
физикалық қасиеттері
Амин қышқылдары- түссіз, кристалл зат, суда ериді. Глициннен өзге амин қышқылдарының
бәрінің құрамында көміртегінің ассиметриялық атомы бар. Көміртегінің
ассиметриялық атомы бар
әр түрлі төрт химиялық топпен байланысады. Мұндай кезде амин қышқылдарының екі түрлі
пішіні болуы мүмкін.
Амин қышқылдарының қышқылдық- негіздік (амфотерлік) қасиеттері
Амин қышқылдарында химиялық қасиеттері біріне- бірі қайшы, фунциональдық екі топ бар. Олар
сулы ортаның рН жағдайына байланысты қышқылдық та негіздік те қасиет көрсетеді.
И.Н.Бренстед (1923) теориясына сәйкес осы заманғы түсінік бойынша, өзінің протонын (Н
+
) бере
алатын қосылыстар қышқылдар деп аталады да, протон қосып алатын қосылыстар негіздер деп
аталады.
Амин қышқылдарының химиялық қасиеттері
Құрамындағы карбоксил және амин оптарының реакцияға қатысуы барлық амин қышқылдарына
тән қасиет. Амин қышқылдарының амфотерлік ерекшелігі болғандықтан, олар негіздермен де,
қышқылдармен де әрекеттесіп тұз түзеді.спирттермен әрекеттесу нәтежиесінде күрделі эфирлер
түзеді және декарбоксилдену, дезаминдену құбылыстарына ұшырайды.