Ферменттер. Фермент деген не? Ферменттерді бөліп алу тазарту. Ферменттердің активтігін өлшеу. Ферменттердің химиялық құрамы және құрылымы. Коферменттер. Пиридиндік, флавиндік , кобамидтік, пиридоксиндік, фолаттық және А коферменті. Тірі организмдер үнемі қозғалыста және тепе-теңдікте болады, яғни организиге сырттан
қоректік заттар еніп тұрады және керексіз өнімдер сыртка шығарылады. Бұл құбылысты зат
алмасу деп атайды. Зат алмасудың қалыпты жүруін орталық нерв жүйесі және эндокрин бездерінің
гормондары реттейді. Эндокринбездері өз әсерін ферменттер арқылы іске асырады.
Фермент дегеніміз-белоктық зат, ол организмдегі түрлі химиялық реакцияларды тездетуші.
Химиялық реакциялардың жүрісін тездетушілерді катализаторлар деп атайтыны атайтыны белгілі.
Осыған сәйкес ферменттрді биологиялық катализаторлар деп атайды.
Ферменттер адамның, жануарлардың, өсімдіктердің ұлпаларында және
микроорганизмдерде синтезделіп жасалады. Ферменттерді бөліп алу үшін, ол көп кездесетін
материалды /шикізатты/ таңдап алу керек.
Ферменттің үш түрлі активтілігін өлшеуге болады. Ферменттің жалпы активтігі, меншікті
және катализдік активтілігін анықтауға болады
Ферменттерді және олар катализдейтін реакцияларды зерттейтін биохимия бөлімі—энзимология
деп аталады. Ферменттер жөніндегі ілім қалай дамыды. Фермент қатысатын процестермен адам
өте ерте кезден таныс болатын. Тіпті ерте заманның өзінде ақ қантты заттарды ашыту жолымен
спирттік ішімдіктер алғаны белгілі.
Барлық басқа белоктар сияқты ферменттер де химиялық құрамы бойынша 2 топқа бөлінеді. Олар
қарапайым және күрделі ферменттер. Қарапайым ферментер дегеніміз- қарапайым белоктар, олар
гидролиз кезінде амин қышқылдарына ғана ажырап бөлінеді. Күрделі ферментер дегеніміз-
күрделі белоктар. Күрделі ферменттер 2 бөліктен: белоктық және белоктық емес бөліктен тұрады.
Кофактор (простетикалық топ) белоктық емес зат болғандықтан кофермент деп аталады.
Коферменттер – құрамында белок жоқ органикалық қосылыстар, олар апоферментпен тығыз
байланысқан. Ферменттің мықты байланысқан кофакторы – простетикалық топ.
Пиридиндік коферменттер НАД
+
және НАДФ
+
. Бұл коферменттердің активті бөлігі никотинамид
болып табылады, Оның молекуласында пиридин сақинасы бар және ол пиридиндік кофермнеттре
деп аталады.
ФАД және ФМН флавиндік коферменттер. ФАД және ФМН коферменттері әртүрлі
апоферменттермен байланысады да, флавопротеидті ферментер- флавиндік дегидрогеназа түзеді.
Кобаминдік коферменттер. Бұл ферменттредің активті бөлігі химиялық құрамы ең күрделі
витамин- В
12
витамині. Оның молекуласында коррин циклі бар, ол төрт пиррол сақинасынан
тұрады, сақиналар бір – бірімен өзара байланысады.
Фолаттық коферменттер фолий қышқылының туындысы. Фолий қышқылының өзінің
коферменттік активтігі жоқ, оның тетрагидро түрі – тетрагидрофолий қышқылы, сол сияқты
метилентетрагидрофолий қышқылы кофермент болып саналады.
А коферменті- ацетилдеу коферменті. Бұл кофермент сірке қышқылының және басқа да
қышқылдардың қалдықтарын ауыстырып жеткізеді, сондықтан ол ацилдеу коферменті деп те
аталады.А коферментінің құрылысы күрделі. Аденозиндифосфат оның құрылымының негізі, ол
пантотен қышқылының қалдығымен байланысқан.Пантотен қышқылына меркаптоэтиламин
қалдығы қосылысқан. А коферменті аса маңызды туындылыардың біреуі А ацетилкофермент
болып табылады. А ацетилкофермент углеводтардың, липидтердің, бірқатар амин
қышқылдарының ыдырауына және көптеген органикалық қышқылдардың биосинтезіне негізгі
қызмет атқарады.